Где можно скачать стихи на казахском языке?
Где можно скачать стихи на казахском языке?мне надо стих ко дню Языков
Ответ(ы) на вопрос:
Бір апайға Өлеңді жазған: Ұлмекен Шаменова 2009-09-07 Мен сенің қорықпаймын адуыңнан, Бір Алла сақтасын де қайғы-мұңнан, Бойымды алшақ ұстап жүруші едім, Біреуге жалпаң қағып жағынудан. Дейсің бе тілім менен сабап алам, Сыйлағанды білмейді-ау жаман адам. Сен тілдеп тілгілеген жүрегімді, Жанымның жылуымен жамап алам. Ұртыңнан у төгілді, не көрінді, Басыма тілеп жатсың қара өлімді, Сені білмейм ал өзім бақыт санайм, Сыйластықпен өткізген әр күнімді. Сабыр берші өзіңе бір Құдайым, Мен сені сөкпеймін де, сынамаймын. Сен мені таптауменен әлектенсең, Мен сені апалаудан айнымаймын. Қорыққаным емес бұл сыйлағаным, Көрге әкетпес адамзат жиған малын, Жүрегімде көктеген жұмақ гүлді, Өзіммен алып ұшсам қимағаным! СӨЗ Өлеңді жазған: Бекарыс Нұриманов 2009-09-07 Анамның ыстық қолында, Алғашқы сөзім сол «іңгә». Былдырлай сөйлеппін сонсоң Ешбірі есте жоқ оның да. Есейдік. Көп сөз сөйледік, Ібіліс салған ойға еріп. Сауаптан қағар сылдыр сөз сөйлесем енді қой делік. Талайды сөз ғой өлтірген, Тәубеге де сөз келтірген. Мақшарда мұңға батырар деп қауіптенем сол тілден. Жанымды қайтып алғанша, Аллаһ деп жүрек толғанса. «Лә иләһа илаллаһ» Ең соңғы сөзім сол болса. Әмин. Лә иләһа илаллаһ! Шаршатты жаңсақ пікір, жалған ұғым. Ұзыны-ай, ібілістің қармағының. Шоқтығы-ай, бұрынғы өткен аталардың Жоқтығы-ай, бүгінгінің талғамының. Алла үшін бір құл едім қатардағы. Белгісіз күні ертең де татар дәмі. Япырмай, маңайымнан не түрлі сөз естідім ақын жігіт атанғалы. Адамбыз, басқа нендей іс түспейді. Тап-таза болсын арың, күс-күс мейлі. Бір көкем бір жиында бөсіп тұрып: «Ақындар сондай жаман ішкіш» - дейді. Кеңес қой бізді апарған перілікке, Мұхаңа қаратқызған жерініп те. Әйтпесе, Ақан, Біржан, Абай, Сәкен, Ішіп ап, елге алқаш боп көрініп пе? Қиялым көрінсе деп қияндардан. Қыздарға өлең арнап жиі аңдалғам. Ақындар сұлу сүйгіш деген кезде Еш жауап таба алмадым ұялғаннан. Аюуандық арлы жанның ісі ме еді?! Адамның атын олар түсіреді. Некесіз қыз құшуды міне солар Ләззат, шын жалын деп түсінеді. Қайтейін ұқпайды олар Хақтың мәнін. Сезбейді сайтанмен де сап құрғанын. Бірақ, жұрт, қайдан білсін сол жалынның Артында тозақта үлкен от тұрғанын.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы