Курсовая работа: Емтиханнын жазба жумысына тапсырма

Электролиттің деңгейі мен тығыздығын батареяның әр элементі сайын тексереді.Электролит деңгейі пластиналардың үстіңгі жиегінен 12-14 мм жоғары тұруы керек.

Электролит буланған кезде тазартылған су құю керек, өйткені тек су ғана буланады, ал электролит ағып кеткен кезде аккумуляторға күкірт қышқылының ерітіндісін қосады.Электролиттің тығыздығына қарай, аккумулятор батареясының зарядтану деңгейін анықтайды. Жүк түсірілген батареялардың зарядтану деңгейін қосылған кедергі кезінде жүк ашасы арқылы өте дәлдікпен анықтайды.Күш түсіру ашасының ұштарын кезегімен аккумулятордың 5с қысқышына тығыз етіп қысады және вольтметрдің көрсеткішіне қарайды. Толық зарядталған аккумулятордың кернеуі 1,7 В-дан төмен түспеуі керек.

Батареяның жекелеген аккумуляторлары кернеуінің айырмасы 0,1 В-дан аспауы тиіс. Егер айырмашылық осы мәнділіктен көп болсанемесе батарея жазда 50%- дан астам және қыста 25%-дан астам разрядталса , онда оны зарядтауға жіберу қажет. Батареяның бұзылмауы үшін оны ұзақ мерзім бойы жартылай зарядталған күйде қалдыруға болмайды.Пластиналардың бұзылуына жол бермес үшін стартерді ұзақ уақыт бойы және қатарынан бірнеше рет қосуға болмайды.

Камаз – 740 автомобиліне минус таңбалы батареяның өткізгіш штырын орнатқан кезде, ол «массаны» ажыратқыш арқылы «массаға» қосылады. «Масса» ажыратқышы кабинаға орналастырылған «масса» үлкен штокты қолмен немесе аяқпен басу арқылы қосылады. Осы кезде қозғалмалы және қозғалмайтын контактолар тұйықталады және үлкен штокты серіппемен жабатын тоқтатқыш пластинамен тұйық күйде тұра береді.

Аккумуляторлы батареяны электрлі тізбектен кіші штокпен бөліп тастайды. Егер кіші штокты басатын болсақ, тоқтатқыш пластина орын ауыстырады және үлкен штокты босатады, ал ол қозғалмалы контактымен бірге серіппенің әсерінен бастапқы ( ажыратылған ) қалыпқа келеді.

Камаз 740 автомобильдерінің қышқылды аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары мыналар: өздігінен жоғары разрядталуы, мерзімінен бұрын разрядтануы, аккумулятор ішінде қысқа тұйықталуы, пластиналардың сулфаттануы. Бұл ақаулар техникалық қызмет көрсету жұмысының нашар жүргізілуі нәтижесінде болады.

Егер тәулігіне шығын сыйымдылықтың 1%-нан асса, өздігінен разрядтану жоғары болып саналады.Өздігінен жоғары разрядтану электролитке лас түскенде және мастика мен бактың дымқыл бетімен тоқтың өтуі салдарынан болады. Өздігінен жоғары разрядтануды болдырмау үшін мастика мен қақпақтар бетінтаза шүберекпен әрдайым құрғатып сүртіп отыру керек.

Аккумулятордың біреуінің мерзіміненбұрын разрядтануы барлық батареялардың жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Ондай аккумуляторды кешеуілдеуіш деп атайды. Кешеуілдеуіш аккумуляторды толық разрядтағаннан кейін, аккумулятор батареясын одан әрі разрядтай берсек, онда ол қайта полюстенедіде, батарея қатардан тез шығып қалады.

Сеператордыңбұзылуы нәтижесінде аккумулятор ішінде қысқа тұйықталу пайда болады. Ең болмағанда бір ғана қысқа тұйықталған аккумуляторы бар батареяны одан әрі пайдалануға жарамайды.

Разрядтанған аккумулятордан, сондай- ақ электролиттің төмендеген деңгейі кезінде қорғасын пластиналар сульфаттанады: оларда күкірт қышқылды қорғасынның (сульфаттың) кристалдар қабаты бөлінеді.Бұл қабат электролитте ерімейді және оның пластиналардың белсенді массасы ішіне өтуіне тосқауыл жасайды, ал мұның өзі кернеуді азайтады, пластиналардың кедергісін арттырады және аккумулятордың сыйымдылығын азайтады. Стартерді ұзақ уақыт пайдалану аккумуляторды тым разрядсыздандырып, сульфаттандыруын арттырады. Қатты сульфаттанған кезде пластиналар бұзылады. Қатты сульфаттанғанпластиналарды қалпына келтірмейді. Аккумуляторды зарядтаумен сақтауды арнаулы дайындықтан өткен адамдар жасайды. Қышқылмен күйіп қалмау үшін, аккумулятор батареяларынзарядтау кезінде көзілдірік пен респираторды қолдана отырып, қорғаныш киімін ( резеңке алжапқыш, қолғап, етік ) киіп істейді. Зарядтандыру бөлмесінде темекі тартуға тыйым салынады.

Қышқыл денеге түскен кезде зақымданған жерді алдымен сумен, сонан соң 10%-ды мүсәтір спиртінің ерітіндісімен жуу керек.

3. Техникалық күтім және жөндеу

Аккумуляторды қасиетіне байланысты қайтымды элементтер деп атайды. Қайта зарядтау және разрядталу кезінде аккумулятор істен шықпайды,қайта белгілі бір шекте оның қасиетін жақсартуға көмектеседі, соның нәтижесінде аккумулятор қызметіне электродтар пластиналарының біртіндеп тереңірек қабаттары қатыса бастайды. Егер аккумуляторды тоқ көзінен ажыратып алып, кез келген бір энергия қабылдағышына қоссақ аккумулятор электродтары бірінен-бірі химиялық құрамы жағынан айырмашылығы бар пластиналар болып келетін ток көзіне айналады.




4.Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Автомобиль кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі

Автомобильдер кәсіпорындар аймағы үнемі таза және жинақы болуы тиіс. Май болған және өндіріс қалдықтары аймақтан алып кеткенге дейін арнайы темір жабық қораптарда жинап сақталынады. Төгілген отын майлағыш материалдар тез арада жиналуы керек.

Автомобиль кәсіпорындары аймағында, автомобиль тұрағына жақын жерлерде тез тұтанатын материалдарды сақтауға, темекі тартуға, от жағуға қатаң тиым салынады.

Барлық өндіріс орындары өз уақытында жиналып, таза тұруы керек. Өткелдерді, дәліздерді, баспалдақтарды, тамбурларды, шығу жолдарын құрал – жабдықтармен құрал-жабдықтармен жаппай бос ұстау керек. Эвакуациа кезінде пайдаланылатын есіктер еркін ашылуы керек. Арнайы өрт сөндіру бұрышы болуы керек. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық,сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер( ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.

Автомобиль кәсіпорындарындағы электр қауіпсіздігі

1. Тек дұрыс электр құралдарын пайдалану керек. 2.Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану

3. Электр қауіпсіздігі мақсатында дымқыл қарау орларында жұмыс жасауға тыйым салу

4. Электр құралдарын арнайы жерге қосушы өзегі бар штангалы кабель көмегімен электрлі желіге қосу керек

5.Контактілі ажыратқышы бар электрлік көтергіштерді пайдалану

Автомобильді жөндеу және қызмет көрсеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі

1. Автомобиль дөңгелегін сенімді тежеу.

2. Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану керек.

3. Бөлшектерді этильді бензинде жууға тиым салынады.

4. Құралдар таза және дұрыс болуы керек.

5. Құралдарды басқару жеңіл және орнықты болуы тиіс.

К-во Просмотров: 258
Бесплатно скачать Курсовая работа: Емтиханнын жазба жумысына тапсырма