Реферат на казахском
Реферат на казахскомДайте ссылку на реферат на тему "Япония" и можно про Канаду на казахском языке. заранее спасибо
Ответ(ы) на вопрос:
Жапония (жапонша: 日本)- Шығыс Азияда орналасқан аралды мемлекет. Азияның Тынық мұхитқа тірелетін жағалауының шығыс жағындағы аралдарда табылады. Батысында Жапон теңізі арқылы ҚХР, Корея және Ресеймен, солтүстігінде - Охотск теңізімен, оңтүстігінде - Шығыс Қытай теңізі арқылы Тайуанмен шектеседі. Ел атауын құрайтын екі иероглифтің мағынасы "күн" және "қайнар, негіз" деген мағынаны білдіргесін, Жапонияны кейде "күн шығыс елі" деп те атайды. Жапондықтар болса, өз елін – Ниппон не Нихон дейді. Елдің туында - күннің көзі бейнеленген, ал ел таңбасында алтын хризантема – күннің символы – бейнеленген. Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады. Жағрапиясы Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты ежептәуір ылғалды болып келеді. Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады. Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде Жапондардың салттары Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды. Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі. Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық патшалық болады. ___________________________ Ссылка не работает ( Тогда в поиске набиваешь - википедия, в ней - Япония, язык - казахский и будет тебе счастье) ) Хороший сайт, на нем можно найти информацию на любом языке ))
попа
Не нашли ответ?
Похожие вопросы