Курсовая работа: Камаз 740
Беттер жанама ығысудан тартқыш қамыттармен қорғалады. Беттік рессорлардың басты артықшылығы бағыттаушы, серпімді және
өшіруші құрылғылардың функцияларын бірмезгілде орындау
икемділігі болып табылады. Автомобильдің алдыңғы аспасы екі беттік рессордан және екі телескопиялық амортизатордан тұрады. Камаз-740 автомобилінің алдыңғы аспа рессоры 15 беттен жиналған. Рессордың түбір беті тікбұрышты да қалғандары Т-кейіпті ағыста.
Жүргізуші мост механизімінің маңыздылығы
Әрбір жүргізуші мостында дөңгелек аралық дифференциал және басты берілісі жасалады. Камаз-740 автомобилінің орта жүргізуші белдіктің ось аралық дифференциал орнатылған.
Жетекші белдік ақаулары және оны жөндеу әдістері. Жетекші белдіктің 1-кестеде көрсетілгендей ақаулары болуы мүмкін.
1-кесте
Ақаудың ішкі белгілері | Ақау себептерінің міндері және бөлшектер түйіндері | Жою тәсілдері | |
1. | Автомобильді орнынан қатты қозғаған кездегі жетекші белдіктегі тықыл | Конустық шестерняның тозуы, конустық шестерня ілінісіндегі саңылау үлкейген | Подшипник стакан фланцының астындағы кажетті мөлшердегі төсемдер мөлшерін азайту керек, |
2. | Автомобиль 30-60 км/сағ жылдамдықпен жүрген кездегі үлкен шу |
Байланысу өкшелігі жетектегі шестерня кең тістер бөлігінің тарабына қарай жылжыған | өкшеліктегі шестерня ілінісінің байланысын реттеу керек. |
3. | Автомобильді тежеген кездегі прицептегі үлкен шу |
Жетектегі конустық шестерняның байланыс өкшелігі жіңішке тістер жағына қарай ығысқан |
Жоғарыдағыдай |
4. |
Автомобиль қозғалысы кезіндегі үздіксіз соғысу |
Шекті тозу немесе шестернялар бүлінген Подшипниктердің шекті тозуы |
Шестерняларды ауыстыру керек Подшипниктерді ауыстыру және шестерня ілінісін реттеу керек |
5. | Іліністі қосқанда және берілісті ауыстырып қосқанда лықылды (пульсирующий) шу |
Байланыс өкшелігі тістер шыңында орналасқан | Байланыс өкшелігіндегі шестерня ілінісін реттеу керек |
6. | Майлағыштардың сальниктер немесе қақпақтар резъемы арқылы ағуы |
Сальниктердің тозуы | Сальниктерді ауыстырып, қақпақты бекітетін болттарды тарту керек |
Майды құйып алғанна кейін жетекші белдік келесі бөліктерге бөлінеді: басты беріліс, жетекші конустіқ шестерня, дөгелек аралық дифференциал, жетектегі конустық шестерня, осьаралық дифференциал (орталық белдіктегі). Дөңгелек аралық дифференциал подшипниктерінің қақпағы картермен бірге өңделгеннен кейін олар бірін – бірі ауыстыра алмайды, сондықтан олардың комплектісін бұзу мүмкін емес.
Жетекші белдікте автомобильді пайдалану процессі кезінде ақаудың келесі түрлері болуы мүмкін: автомобиль қозғалысы кезіндегі үздіксіз шу, автомобильді 30-60 км/сағ жылдамдықпен қозғаған кездегі үлкен шу, автомобильді тежеген кездегі шу, басты беріліс картерінен майдың ағуы.
Автомобиль қозғалысы кезіндегі үздіксіз шу дифференциал ақауын көрсетеді. Басты берілістегі үздіксіз тықыл подшипниктердің бүлінгендігін көрсетеді. Камаз-740 автомобилінің алдыңғы белдігіндегі бұндай құбылыс алдыңғы дөңгелек жетегіндегі жұдырықша топса детальдары бөлшектерінің бүлінуімен байланысты. Автомобильдің жоғарғы жылдамдықпен қозғалысы кезіндегі басты берілістегі үздіксіз соққы әдетте подшипник шестернясының күшті тозуымен немесе картердегі майдың жеткіліксіздімен байланысты.
Басты берілістегі ақауларды шудың көмегімен келесі әдісті пайдаланып анықтауға болады. Автомобильдерді жол бойымен 80 км/сағ жылдамдықпен күштеп тартады, содан кейін отынның берілуін азайтып жылдамдықты баяулатады. Қандай режимде максимумға жетіп және шудың жоғалуын анықтайды. Содан кейін автомобильді 80 км/сағ дейін күштеп тартып, сосын тоқтағанға дейін беріліс қорабында бейтарап қалыпта домалатып қозғалтады.
Бірінші сынауда байқалған шу, екінші сында байқалмаса ол басты берілістегі, дифференциалдағы немесе жетекші белдік подшипнигіндегі ақауды білдіреді.
Егер тоқтап тұрған автомобиль қозғалтқышын жіберіп және оған әртүрлі айналу жиілігінде жұмыс жасауға мүмкіндік берген кезде шу байқалмаса, онда ақаудың негізгі көзі жетекші белдік редукторының деталдары болып табылады.
Жетекші белдіктің басты беріліс дифференциалының ақаулары және оларды жою жолдары 2 - кесте көрсетілген.
2 - кесте
Ақаулардың ішкі пайда болуы | Себептері | Жою әдістері |
Автомобиль қозғалысы кезіндегі үздіксіз шу |
Күшті тозу немесе шестерняның бүлінуі Подшипник бекіткішінің әлсіреуі К-во Просмотров: 537
Бесплатно скачать Курсовая работа: Камаз 740
|