Реферат: Кашыктан окыту

Таким образом, с одной стороны, дистанционное обуче­ние следует рассматривать в общей систе­ме образования (непременно в системе непрерывного образования), предполагая при этом преемственность отдельных ее звеньев. С другой, дистанционное обуче­ние необходимо различать как систему и как процесс.Басқа да оқыту формалары сияқты, қашықтан оқыту да педагогикалық жобалаудың кезеңдерін, оның мазмұндық және педагогикалық құрамын (педагогикалық технология жоспарындағы әдістеме, оқыту формаларын) теориялық тұрғыда мағаналы етуді ұсынады. Бұдан шығатыны, педагогикалық жобалау кезеңінің міндеттері мыналар: электрондық курстар, электрондық оқулықтар, оқу құралдарының кешендірін құрастыру, желіде оқыту процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясын жасау.

Ғылыми жұмыс авторлары қашықтан оқуға тән бірқатар сипаттамаларды бөліп көрсетеді. Қашықтан оқыту курсы оқушы әрекетінің тиянақты және дәл жоспарлануын, ұймыдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндетінің айқын қойылуын, оқушы мен оқытушының арасындағы интерактивтілікті қамтамасыз ететін қажетті оқу материалдарының жеткізілуін, оқушы мен оқу материалы арасында кері байланыс болуын талап етеді, топтық оқытуға жағадай жасайды. Әсерлі кері байланыстың болуы оқушының білмісіздіктен білімділікке қарай қозғалысының дұрыстығы туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мотивация да кез-келген қаштықатан оқыту крусының маңызды бір бөлігі. Оның көтермелеу үшін әртүрлі әдістер мен құралдарды қолдану маңызды. Қашықтан оқыту курстарын ұйымдастрығанда қосалқы компоненттерді (инвариантты) де қарастыру керек.

Қашықтан оқыту мақсаттары .

Ғылыми жұмыс авторлары қащақтан оқытудың мынандай мақсаттарын бөліп көрсетеді:

1. кадарларды кәсіби дайындау және қайта даярлау;

2. белгілі мамандық бойынша педагогикалық кадрлардың квалификациясын көтеру;

3. кебйір жеке оқу пәндерінен оқушыларды экстерн-емтихан тапсыруға дайындау;

4. белгілі профил бойынша оқушыны жоғары оқуға түсуге дайындау;

5. мектеп немесе мектептен тыс курс бағдарламысының бөлімін, кейбір жеке пәндер мен тақырыптарды тереңдете оқыту;

6. мектепте кейбір жеке пәндер бойынша оқушы біліміндегі, білігіндегі, дағдысындағы жетіспеушіліктерді жою;

7. түрлі себептермен мектепке мүлдем немесе белгілі бір уақыт аралығында келе алмайтын оқушыға мектептің базалық курсты оқыту;

8. қызығушылығы бойынша қосымша білім алу.

Қашықтан оқыту түрлері.

Орындалған талданымдар негізінде қащықтан оқытудың кең тараған түрлері мыналарға негізделген:

1. инетрактивтік теледидар;

2. компьютерлік телекоммуникациялық желі (аймақтық, ғаламдық), қолданыстағы конфигурацияның (мәтіндік файлдар, мультмедиялық технология, видеокконференция, телекөпір, онлайын-сабақ...) әртүрлі дидактикалық мүмкіндіктеріне қарай;

3. Интернет желісі мен компакт-диск бірлігі технологиясы.

Интерактивті теледидар арқылы жүргізілетін оқытудың артықшылығы, ондағы оқытушыдан әртүрлі қашықтықтағы аудиториямен тіклей бейнелік жанасу мүмкіндігінде. Оның кемшілігі сонда, осылай оқытқанда кәдімгі сабақпа, әлде қазіргі заманғы педагогикалық технология қолданылған ба, оған қарамастан сабақтың тиражы көбейтіле береді. Мұғалімдер мен оқушылар жаңа білім игерудің, өзне қажет әдстердің, жаңа ақпараттық технологияының, куәгері немесе қатысушысы боларда, дискуссияға қатысарда, тамаша бір әдістеме немесе лабораториялық жұмыс көрерде осы интерактивтік теледидардың пайдасы зор. Қашықтан оқытудың осы формасы интерактивті және мамандар дайындау мен квалификациясын көтеруде болашағы зор. Бірақ, қазіргі мезетте бұл өте қымбат технология болып отыр.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың келесі тәсілі компьютерлік телекоммуникацияны электрондық почта, телеконференция, аймақтық мен Интернет желісінің ақпараттық қорлары тәртібінде пайдалануды ұсынады. Бұл қашықтан оқытудың кең тараған және арзан түрі. Оны ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологияның жаңа құралдарын қолдану қарастырылған.

Үшінші тәсілде базалық электрондық оқулық ретінде кмопакт-дискілерді пайдалану ұсынылады. Ол ЖОО-ры мен мектепте білім беруге және мамандардың білімін көтеруге арналған зор дидактикалық мүмкіншіліктерге ие. Компакт-дискілердің артықшылығы мынады;

- инетрактивтік;

- мультмедиялық;

- ақпараттың үлкен көлемін қамтиды және осының есебінен қашықтан оқытуды елеулі түрде оңтайландырады.


Қашықтан оқыту моделдері.

Авторлар өз еңбектерінде, қашықтан оқытудың қазіргі мезетте бар ашық желісінде қордаланған келесі моделдерді қарастырады:

Бірінші модель – экстарнат түрінде оқыту. Қандайда бір себеппен күндізгі оқу орнында оқи алмайтын оқушылар мен студенттерге арналған, мектептің және ЖОО-ның (емтихандық) талабына ыңғайластырылған оқыту.

Екінші модель – бір университет базасында оқыту. Тұрақты түрде оқытылмайтын, оқу орынан қашықта орналсқан, сырттай (ашық форма) немесе қашықтан оқытатын, яғни компьютерлік телекоммуникациялы мен ақпараттық технологияны қамытыған, студенттерге арналған бүтіндей оқу жүйесі. Мұндай бағдарламалар әртүрлі білім аттестаттарын алу үшін пайдаланылады.

Үшінші модель – бірнеше оқу орындарының бірігіп жұмыс істеуіне негізделген оқыту. Жетекші пәндерді (елдің немесе шет елдің кез-келеген аумағында) оқытуда бірнеше оқу орнының, сырттай қашықтан оқытудың бағадарламасын бірігіп дайындауына негізделген. Қашықтан оқытудың бағдарламасын дайындағанда осылай бірігіп қызмет ету, оның сапасын арттырады және біршама арзандатады. Бағдарламаның келешек мақсаты – достас елдердің кез-келген азаматына, өз елінен немесе үйінен алысқа ұзамай ақ, осы елдердегі колледждер мен университеттер базасында кез-келген білім алуына мүмкіндік беру.

Төртінші модель – Студеттер мен оқышулар әр бағытта білім алатын, ашық немесе қашықтан оқытуға арнайы құрылған, тәуелсіз білім беру мекемесі. Олар мультимедиялық курстар жасауға маманданады. Оқу ақысы студенттер жұмыс істейтін ұймдар мен фирмалар арқылы төленеді. Осындай ең ірі мекеме Лондондағы Ашық университет болып табылады. Оның базасы негізінде соңғы жылдары Ұлыбританияның ғана емес Достастық елдерінің де көптеген студенттері қашықтан оқытылып жатыр.

К-во Просмотров: 385
Бесплатно скачать Реферат: Кашыктан окыту