Реферат: Курс лекций по Обшей Экологии
Тақырып: Демэкология-популяциялық экология.
Жоспары: 1. Популяция туралы жалпы мағлұмат.
2. Популяцияның құрылымы мен түрлері.
3. Популяцияның статистикалық және динамикалық
сипаттамалары.
4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
5.Өткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық
жағдайлар.
1. Популяциялық тіршілік деңгейі.
Егер экожүйе биосфераның элементтері болса, популяция табиғатта жеке түрінде кездеспейді.
Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.
Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.
Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады.
Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады.
Популяция құрылымы
өлімі
особьтар
саны ареалы жастық жыныстық туылымы
құрамы құрамы өсу темпі
тығыздығы
Популяцияның сипаттамасы:
Жыныстық сипаты бойынша;
Жас ерекшелік-әр-түрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;
Территориялық таралуы бойынша;
Этологиялық сипаты бойынша;
Популяцияның түрлері:
Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған.