Ответ(ы) на вопрос:
Гость
ыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық, көшпелі қауымның этикалық, мәдени-рухани бірігуінің негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық құрылым.
Ауылдың көші-қоны
Жайлауға көшер уақытта бірнеше ауыл бірігіп, үлкен бір қауымды құрады. Жас төл алынып, бойдақ мал қарақұйрық болып, жылқы түлеп, қара тіл болғанда түйенің өркеш қомы толығып, қара қайысқа айналғанда ауыл көші көктеуден жайлауға бет алады. Көш алдында жылқы, қой мен сиыр көш соңында айдалады. Көш басында қара шаңырақ артылған атан түйе, оған іркес-тіркес басқа түйелерге артылған жүк (уық, кереге, абажа, абдыра, жағылан, сандық т.б.) қаз-қатар жүреді. Көш сәні мынадай қара өлең жолдарында әдемі айтылған: Сағым сүйген сары беткей, Жатады саздау жердің қары кетпей. Қызылыңның барында қиғаштай бас Қиялап қырдан асқан сәнді көштей.
Ауыл көші бірнеше шақырымға созылды, тек қауіпті, қиын жолдарда ғана қауым мүшелері бір-біріне жақын жүреді. Көш көлігі қызметін түйе, ат, өгіз атқарды. Ірі рулар мен олардың бөлімшелерінің қоныстары негізінен алғанда бір территорияда болып отырды. Ауыл көшпелілері қонысты жиі ауыстырып, өрісті жаңартып отырған сайын, мал соғұрлым күйлі, семіз болған. Әрбір ру немесе ауыл ата-бабасынан белгілі болып келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан көш жолдарымен жүріп отырған. Шөл даланы кесіп өтетін көш суат басына тоқтаған кезде малды тойдыра суарып алып, келесі суатқа жету үшін "үдере көшіп” отырды. Үдере көшу деп түйенің теңін шешпей, қомын шешуді, яғни аз-кем аялдай отырып көшуді айтады. Ал малды жая отырып, үш-төрт күн қона-түнеп, демала отырып көшуді ерулеп көшу дейді (қ.: Ерулеп көшу). Жетісу, Алтай сияқты таулы-тасты аймақтардағы жолдың ойлы-қырлы, күдір болып келуіне байланысты көшпелілер тау шатқалдарын бойлай етекте отыратын жайлау ой жайлау, одан биіктегісі бөктер жайлау, бөктерден жоғарғысы төр жайлау, ең биіктегісі кер жайлау деп аталады. Этнология ғылымында көшудің бұл түрі тау көшпелілігі, «тік» немесе «вертикальды» көшу деп аталады.
Ауасы салқын, суы мөлдір, шөбі шүйгін ең биіктегі жайлау кер жайлау деп аталған.
Ауылдың мәдени бейнесі
Қазақ отбасында ержеткен баланы балалы-шағалы болған соң еншісін беріп, бөлек шығарған, олар өз алдына «отау үй» болып, өз ауылында бөлек немесе көрші ауылда отыратын болған. Осылайша бір ауылдан екінші бір ауыл бөлініп шықты. Отау үй бөлініп шыққанда әкесі мал-мүлік бөліп берген, осылайша еңбек бөлінісі туындап, малы көбейген уақытта жайылымдық жер де бөліп ала бастады.
Қазақ ауылы – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелгі кезден қалыптасқан қауымдастық, әрі көшпелі қауымның негізі болды, себебі жеке отбасының көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы мүмкін емес еді. Кем дегенде бес-алты шаңырақ бірігіп қана малды жайғастыра алады. Қыста әрбір ауылдың өзінің белгілі қыстау орны болды. Ауыл үйлері алқа-қотан тігіледі де, мал қоралай үшін бір жақ шеті ашық қалдырылады. Үлкен үй әдетте жоғары жақта, ең қолайлы деп саналған жерге тігіледі. Алалы жылқы, шұрқыраған құлын-тай, ойнақтаған бота, жусап жатқан қой, маңыраған қозы-лақ, желідегі тізілген ноқталы құлын, ағып жатқан бастау-бұлақ, бетегелі белі немесе үй жанынан қазылған құдық оның бойындағы қауға, абажадай ағаш науа т.б. ауыл өмірінің тіршілігі, оның табиғатпен үйлесім тауып тұратын табиғи реңін байқатып тұрады. Ауылдың отырған орнын, мал өрістететін жерін қоныс деп атайды. Ауыл аты ондағы ауыл иесінің аты-жөнімен аталса, қоныс атаулары ономастикалық мәдени дәтүр бойынша кісі есімімен аталмаған, сол жердің табиғаты, экологиясы, географиялық ерекшеліктерімен байланысты қойылған: Ақтекше, Көкбастау, Сарыбастау, Майқұйрық, Өрежимас, Қопалы, Миялы, Көксала, Қияқты, Желдіқара,Найзақара т.б. Ақ ауылдың сәні жоқ –, Топталып жылқы тұрмаса, Ноқталы құлын күйездеп, Тартқан желі болмаса, – деген Дулат Бабатайұлының (ХІХ ғ.) жыр жолдары елдің сәні, қоныс сәні малмен, мал болмаса, жер жетімсірейді деген ойды аңғартады. Ауыл тіршілігінің эконмикалық өзегі мал мен қоныс болып саналады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы