Напишите пожалуйста сочинение на казахском языке на тему Казахский язык даю 29 баллов срочно

Напишите пожалуйста сочинение на казахском языке на тему Казахский язык даю 29 баллов срочно
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Барлық ұлы халықтар ана тілінің маңызы мен рөлін жақсы біледі. М.Хайдеггерді тыңдайық: "Тіл дегеніміз болмыс тұрағы. Адам тіл мекенінде өмір сүреді. Ойшылдар мен ақындар - осы мекенді қырғи қорғаушылар. Тіл дегеніміз болмыстың өзінің айқын-тылсым құбылысы. Тіл дегеніміз болмыс үйі, осында адам өзін экзистендіреді, өйткені, болмыс ақиқатын аялай келе, ол оған тиесілі". Ресей Президенті Д.Медведев 6 маусым А.С.Пушкиннің туған күні - орыс тілі күні тамаша ой айтты: "Тіл - ұлт геномы". Ресейдің бірінші басшылары ғана емес, жұбайлары да орыс тілі, орыс мәдениетінің көсегесін көгертіп, шапқылап жүр. Бізде бәрі керісінше. Мысалы, біздегі билікке де, байлыққа белшесінен батып отырған Т.Құлыбаевтың бірде-бір рет қазақша сөйлегенін көрмедік. Әсте, Т.Құлыбаев өзінің миллиардтарын қай тілде санайды екен? Егер ол орыс тілінде санаса - ақшасының бәрі Ресейдікі, егер ағылшын тілінде санаса - АҚШ-тікі, ал қазақ тілінде санаса - өзінің тапқаны. Ақша да тілді жақсы көреді. Қасиетті қазақ жері, Қазақстан жері қойнауындағы Менделеев таблицасындағы барлық элементтер де қазақ тілінде "сөйлеуге" міндетті. Әлемнің бар түпкірінде заң осылай.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы