Помогите найти Mакал-мателдер тiл туралы. помогите найти Mакал-мателдер тiл туралы
Помогите найти Mакал-мателдер тiл туралы. помогите найти Mакал-мателдер тiл туралы
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Адам көңілден азады, тілден жазады. * * * Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден. * * * Адам көңілінен азады, Тілінен жазады. * * * Айтпас жерде тілің тарт. * * * Ана тілі – бәріміздің анамыз, Өйткені ол – ұлтымыздың анасы. * * * Ана тілің алпыс тілге татиды. * * * Ақынның тілі қылыштан өткір. * * * Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады. * * * Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл. * * * Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады. * * * Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар. * * * Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ. * * * Әдеп басы – тіл. * * * Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты. * * * Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ. * * * Бал тамған тілден у да тамар. * * * Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле. * * * Басқа пәле – тілден. * * * Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы. * * * Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, Ең алдымен өз тіліңді дұрыста. * * * Көнектей басыңа шүмектей тілің жау. * * * Қазақтың ақылы – көзінде, Қасиеті сөзінде. * * * Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады. * * * Кісі қызыл тілден өледі, Түлкі қызыл жүннен өледі. * * * Қылыш жарасы бітер, Тіл жарасы бітпес. * * * Қызыл тіл – жанның мияты, Абырой – ердің қуаты. * * * Мал басынан байланады, Адам тілінен байланады. * * * Малға кедей – жарлы, Тілге кедей – сорлы. * * * Ішімдегінің бәрі тілімде, Тілімдегінің бәрі түрімде. * * * Өнер алды – қызыл тіл. * * * Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін. * * * Оқу алды – қызыл тіл, Бірден соңғы мергеншіл. * * * От ауызды, орақ тілді шешен. * * * Піл көтермегенді, тіл көтереді. * * * Сөз – көмек, тіл – құрал. * * * Тәрбие тілден басталады. * * * Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт. * * * Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін, Тілімнен сүріндірмесін. * Тілге әр күн мейрам. * * * Тіл – ел басқарудың құралы. * * * Тіл – буынсыз, ой – түпсіз. * * * Тіл – білім, тәрбие тұғыры. * * * Тіл – достықтың мерейі. * * * Тіл – елдігіміздің іргетасы. * * * Тіл – мәдени мұраның үзілмес өзегі. * * * Тіл – мәдени қазынаның қайнар бұлағы. * * * Тілдің майын тамызып, Сөздің балын ағызып, Хас шешендер сөз айтар. * * * Тілді қорлау – халықты қорлау. * * * Тілі өлген ел – тірі өлген ел. * * * Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. * * * Тіл – сүйексіз, ақыл – түпсіз. * * * Тілі тәтті, көңілі қатты. * * * Тіл – тәуелсіздік тұғыры. * * * Тіл – татулық тірегі. * * * Тілге шешен, іске мешел. * * * Тіл – халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. * * * Тілсіздің дауы арам, Зекетсіздің малы арам.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы