ПОМОГИТЕ! СОЧИНЕНИЕ СРОЧНО НА ЗАВТРА! Шешендік сөздер! план:1) қазақ ауыз әдебиеті 2)фольклордың көркем саласы 3)өнегелі сөздер
ПОМОГИТЕ! СОЧИНЕНИЕ СРОЧНО НА ЗАВТРА!
Шешендік сөздер! план:1) қазақ ауыз әдебиеті
2)фольклордың көркем саласы
3)өнегелі сөздер
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар А. ә. деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 ж. ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылш. lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де А. ә. атауы үшін халықар. ғыл. атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. Мыс., “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек А. ә-н ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр.
2шысы
«Фольклор» – ағылшын сөзі, «халық даналығы» деген ұғымды береді. Алайда, бұрынғы КСРО-дан басқа өркениетті елдерге «фольклор» кең мағынада түсіндіріледі. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өнерін, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, ырымдармен ғұрыптарды, салттар мен нанымдарды жатқызады. Сол себепті ол елдерде «фольклор» сөзімен қатар көбінесе «этнография» сөзін қолданады, ғылымын «этнология» дейді. Бұл дәстүр ХIХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде, ХХ ғасырда соған қараған халықтардың ғылымында орын тепті.Қазақ ғалымдары да осы үрдісті қолдап, фольклорға халық әдебиетін (ақындар поэзиясын да) жатқызу дәстүрін енгізді де, екі атауды аралас қолданып келеді. Бірақ «халық әдебиеті» деген атау әлем қабылдаған «фольклор» ұғымын толық бере алмайды. Мысалы, көркемдігі нашар, өнер деңгейі жоқ ауызша орындалатын шығармалар толық мағынада сөз өнері, яғни, әдебиет бола ала ма? Сол сияқты алуан түрлі ырымдар, салттар мен нанымдар, бата, алғыс, қарғыс, арбау, жауын шақыру, күн жайлату, жарапазандар өз мағынасындағы әдебиет бола қоймас. Ендеше, «халық әдебиеті» дегеннен гөрі, өркениетті мемлекеттер қолданатын «фольклор» терминін қабылдап, орнықтыру жөн сияқты.
Фольклор – синкретті, көпфункциялы руханият. Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан, ол көпқатпарлы, көпсатылы, көпмағыналы және көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, — бір жағынан, фольклор, өйткені, олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар- екінші жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әр түрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, — түптеп келгенде, сол көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді.
Фольклор – сөз өнері. Өнер болу үшін ең әуелі көремдік қасиет және орындаушы мен тыңдаушы болу керек. Қазақ қоғамында фольклор осы үш шартты түгел орындаған, тіпті, одан да кең ауқымды қамтыған. Фольклор – әрі әдебиет, әрі театр рөлін атқарды, оның шығарушылары әрі орындаушылары – жыршы мен ақындар, сондай-ақ, тыңдаушылар мен көрермендері болды. Бұл процесте ол ежелден келе жатқан ұғымдар мен нанымдарды, мифтер мен басқа да ескі жанрларды пайдаланып, оларға басқа сипат дарытты, эстетикалық міндет артты. Сөйтіп, алғашқы қауымға тән мифтік сананың жемісі көркем құралға айналды, бейнелілікке және метафораға негіз болдыол себепті біз рулық замандағы мәдениет (фольклор ғана емес) деп жиынтық мағынада айтамыз. Осы мәдениеттің, сол арқылы кейбір жанрлардың шығу мезгілін шамалап анықтауға болады. Тарих пен этнология, фольклортану ғылымдарының дәлелдеуі бойынша, адамзаттың рухани мәдениеті есте жоқ ерте заманда орныққан рулық, тайпалық қауымда пайда болғанға ұқсайды.
Рулық заманда пайда болған рухани мәдениеттің бір саласы – халықтық білімі мен халықтық өнері.
3шысы
"Қиын жолды таңда! Онда бәсекестерің аз болады."
Сайттың керегі не, мынадай сөздер тұрғанда...
1 - Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады. тағдырдан басқасы болмайды.
2 - Жүрек кімді қаласа - сол СҰЛУ
3 - Өзің ұнатпайтын түсініксіз жағыдайға тап болғанда, АСЫҚПА.
4 - Не істесеңде ойлап істе. Ойламай іс қылсаң қор боларсың.
5 - Осы өмір көрген түс. Оянғанда тек жақсы амалдарың ғана болады!
Не нашли ответ?
Похожие вопросы