Реферат на тему будущее Казахстана на казахском языке!!! И не пишите что можно найти в интернете!

Реферат на тему будущее Казахстана на казахском языке!!! И не пишите что можно найти в интернете!
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақстанның болашағы –жастардың қолында Арқауы ерен ерлік дастанының, Қайраты елге әйгі жастарының. Желбіреп көк байрағы тұрған шақта, Жұлдызы жарқырайды аспанының. Кез-келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Қайсар рух пен қара күшті қару етіп,еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті.Жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп,жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында тұрған Қазақстан Тәуелсіз Республикасы деген атақты бұдан аттай жиырма үш жыл бұрын күллі адамзаттың санасына құйды. Қазіргі таңда қазақ елі жан-жақты өркендеп, дамып келе жатқан алып елге айналып жатыр. Сондай елдің төсінде өмірге келіп, қазіргі таңда өмір баспалдағынан өз жолын таңдағалы отырған мен сынды перзентке тәуелсіз елімнің болашағы жастар екені,солар жайында ақ қағазбен тілдесу бұйырған сынды. Жастар еліміздің әлеуметтік, эканомикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда. Үкілі үміт таймасын халқым басыңнан, Мол бақыт күтем жас ұрпақ сенен жасырман. Басқаны қайдам ұлылық күтем өз басым, Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан-деп,жаңа даму ғасырынан үлкен үміт күтетін,жастарғабұйырғанын айтады. «Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсі з елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың қолында.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы