Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қос сөз[1] – қосарлану немесе қайталану арқылы бір ұғым ретінде жасалған сөздер. Қос сөздер мағыналық, тұлғалық жағынан әр түрлі. Жасалу тәсіліне қарай қосарлама және қайталама қос сөз болып бөлінеді. Қосарлама қос сөз өзара мәндес немесе қайшы мәндес сөздердің қосарлануынан жасалады. Мысалы, ата-ана, салт-сана, құрт-құмырсқа, ер-тоқым (мәндес қос сөз); күні-түні, азды-көпті, үлкенді-кішілі, ертелі-кеш (қайшы мәндес қос сөз). Қайталама қос сөз бір сөздің қайталанып айтылуынан жасалады. Мысалы, сөйлей-сөйлей, төбе-төбе, қолма-қол, жекпе-жек. Бірқатар қос сөздердің екінші сыңары жеке қолданылмайтын, мағынасыз сөздер болып келеді. Мысалы, оқта-текте, анда-санда, ырың-жырың. қос сөз дефис арқылы жазылады. Сөздердің қосарлануы, қайталануы нәтижесінде жалпылау, жинақтау, топшылау, болжалдау, мөлшерлеу секілді грамматикалық мағыналар үстеледі, жаңа мағыналы сөздер туады. Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды. Сөздерді қосарланып немесе қайталап қолдану жаңа сөз жасаудың бір долы болып табылады. Мысалы: Жан-жануар, адам-зат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.(Абай) Бұл сөйлемде жан-жануар, ата-анадай дегендер - қос сөздер, олар жаңа мағына білдіріп тұр: жан - жануар - бүкіл айналадағы, табиғаттағы жанды заттар; ата - анадай ең жақынтуғандар ата мен анадай деген мағынада, яғни шынайы мейірімділік деген мәнде қолданылады.
Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы