Срочно сочинение как моя семья готовится к наурызу на казакском

Срочно сочинение как моя семья готовится к наурызу на казакском
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Наурыз – қазақ халқының үлкен мерекесі.Оны барлық азия елдері тойлайды. Менде отбасыммен бірге тойлаймын. Наурыз мейрамында анам бауырсақ пісіріп, ал әкем болса ет асады.Содан соң біз барлығымыз «Наурыз көже» дайындаймыз. Бұл дәстүр бойынша 7 түрлі дәмнен: су, ет, бидай, сүт, тұз, және ұннан тұратын мерекелік тағам. Біз қонаққа барып, көршілерге бауырсақтар мен тәттілер таратамыз. Мен болсам өз сыныптастарыммен бірге, қала алаңына киіз үйлерді тігісуге барамын. Біз әр жыл сайын осы мейрамды мерекелеуді ұйымдастыруға өз үлесімізді қосамыз. Оған алғыс ретінде үлкен адамдар бізді әр түрлі ұлттық тағамдармен және сусындар: қымыз, шұбатпен, сонымен бірге қуырдақ және «Наурыз көже» сыйлайды. Киіз үйлерде қобыз мен домбыра тартылып, әндер шырқалып, күйлер тартылады. Мен күй тыңдағанды қатты ұнатамын. Кейде домбыра тартушылар мағанда домбыра беріп, ойнауыма рұқсат береді. «Алтыбақан» құрылғаннан кейін, мен достарыммен бірге «Алтыбақанда» тербелемін. Кешке шаршап келіп, теледидар арқылы Наурыз мейрамына арналған концертті тамашалаймын.  Наурыз – өте көңілді әрі қызықты мейрам. 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы