"Сыр өңірі" тақырыбында эссе жазып беріңіздерші,өтінемін..
"Сыр өңірі" тақырыбында эссе жазып беріңіздерші,өтінемін..
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қызылорда қаласының ғана емес, күллі Сыр бойының символына айналған «Сыр Ана» стеласы пайдалануға беріледі деген күнді облыс жұртшылығы асыға күтті. Әсіресе, жастар мен жаңадан шаңырақ көтергендер сағаттар мен секундтарды санады десек, артық айтқандық болмас. Сол ұзақ күткен ашылу салтанаты думанды кеш аясында жүзеге асты. Алты Алаштың анасына арналған монумент көк жүзімен таласпаса да, ақша бұлттарды «сәукелесіне» паналатпаса да, өзіндік ерекшелігімен талайды тамсандырып тұрды. «Сыр Ананың» бойында тек әйелге тән нәзіктік емес, өрлік пен батылдықтың да бары айшықталады. Тал бойынан кешегі Тұмар ханымның да, Сараның да, Жібектің де, Баянның да бейнесін табуға болады. Себебі, стелада тек қазақ қызына тән көркемдік пен әсемдік бедерленген. Асау өзеннің жағасында маңғаздана әрі ырғала билеген кешегі ару, бүгінгі ана қаумалай жиналған халыққа бір ләззат сыйлайды. Әсемдік пен сұлулықты бойына жинаған нысанның ашылу салтанатына аймақ басшысы да қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады
Не нашли ответ?
Похожие вопросы