Жақсылардың жақсысы Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ыл...
Жақсылардың жақсысы
Баяғыда бір адам бірнеше бөлмелі жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау-бақша екен. Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты. Ол ылғи да жабық тұрады екен.
Сонда әкесіне қызы:
- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсы ғой деп ойлаймын, - дейді.
- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
Қыз есейіп, бойжеткен атанады. Әкесі қызына жабық бөлменің кілтін береді. Қыз есікті ашқанда, тек ұршық пен кітапты көреді. Қыз әкесіне:
- Әке, сен жабық бөлмеде «жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен ұршық пен кітаптан басқа ештеңе таппадым,- дейді.
- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық болса, өнерің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, өнермен, біліммен табылады,- деп түсіндірді әкесі.
16. Кейіпкердің назарын өзіне аудару мақсатында қолданылған сөзі бар нұсқа
A) Қыз есейіп, бойжеткен атанады.
B) Сен оған өмір бойы риза боласың,- деп жауап қайтарады әкесі.
C) Ал кітап оқысаң, білімің артады.
D) - Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар.
E) - Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда.
19. Мәтінде кездесетін адамның жас атауы
A) Бала
B) Бозбала
C) Қыз
D) Бойжеткен
E) Сәби
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
16-с
19-с немесе д.ССебебі алгашында қыз болады,кейін бойжеткен болады
Не нашли ответ?
Похожие вопросы