Право
Ерте,ерте, ертеде атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты. Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жыл ақсақал оларды алдына шақырыпты. — Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты. — Мен дайынмын!-дейді қызу қанды Қыс қатулы қабағымен сүзе қарап. — Мен де, – депті Көктем сұлу қасын керіп. — Мен де, – депті көңілшек Күз аузын бұртитып. — Мен де, – депті жадыраған Жаз. Жыл ақсақал оларға риза болады. — Ендеше, мен сендерге он екі Айды үш-үштен теңдей бөліп, енші бергім келіп отыр, – деп, Жыл ақсақал денесін тіктеп алады да, — мына әр қағазға ай аттары жазылған. Әрқайсысың үш-үштен алатын болыңдар, – деп ораулы он екі қағазды шашып тастайды… Ұлдары мен қыздары шашылған қағаздарды таласып- тармасып алап жатады. — Сонымен сендер кезекпен үш ай жұмыс істейтін боласыңдар. Ал жолдарың болсын! Бірақ бір ескертерім сол, әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар, – дейді де Жыл ақсақал кетуге ыңғайланады. Содан бері жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз, қыс адамдарға қалтқысыз қызмет етумен келеді. 1помогите перевести плиззз
5-тапсырма. Сан есімдерді топтау сан есіміне айналдырып, бірнеше сөйлем құра
Үлгі: Мұғалім оқушыларды жетіөжетіден отырғызды
1,5,7,8,9,20,30,50-60,80-90,100,30-40