1. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңіз. перевидите
1.
Дауыссыз
дыбыстардың жіктелуі туралы айтып беріңіз. перевидите
Ответ(ы) на вопрос:
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар: - үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары; - айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары; - жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш 2. Ұяң дауыссыздар Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді: - ауыз жолды: й, л, р, у; - мұрын жолды: м, н, ң.
4. Ерін дауыссыздары Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у. 5. Тіл дауыссыздары Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз. Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді: - тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш; - тіл ортасы: г, к; - тіл арты: ғ, қ, ң. 6. Шұғыл дауыссыздар Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз
Не нашли ответ?
Похожие вопросы