179 жаттыгу комектесиндеошы

179 жаттыгу комектесиндеошы
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
 өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзиясы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, поэзиямен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін поэзия мен прозаға бөліп қарауданыың мәні зор. Орыс әдебиеттанушысы В.Г. Белинский: “Поэзия — тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе поэзияны тегі мен түріне қарай лирикалық, эпикалық, драмалық жанрларға жіктеді. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі поэзия ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және сыртқы шарттарды белгілейді:
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы