Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасыр-ларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жар-қын болашаққа сенімді жол салған ақын-ның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырықтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті...
Абайға деген бетбұрыс жаңа жаңғырып келе жатқан кезең халқымыз тәуелсіздік алған заманға тұспа-тұс келіп отыр. Дүние жүзі халықтары Абайды тану арқылы оны туып, өсірген халқын, елін тани бастады.
Абай ұлы ғұлама ақын, моралист – ойшыл, қазақ елінің, бүкіл түркі тектес халықтарының ортасынан шыққан әлемдік тұлға. Абайдың өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағды-рымен тығыз байланысып, оның болмыс-бітімінің айнасындай болып жатыр.
Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу – қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің бірі.
Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді қазақтың Абайын әлемге таныту, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.
Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Туысы бөлек, бесігі өлең, өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр, талан, мектебі орта болған. Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойла-нып жазғандары өлең өнер болған. Абай дүниеге өз көзімен қарап, көргені мен сезгенін жалтақтамай айтқан. Құдай берген даналық оны даралық жолына, даныш-пандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап, болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар жолындағы баспалдақ.
Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін түсіндіруге тырысты.. өзінің шығарма-шылығында ол феодалдық-рулық билеп-төстеушілерді аяусыз әшкерелеп, халықты өнер-білімге шақырады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы