Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Акку - киели кус.Ол су кустарынын патшасы.Ози адеми.Казакстанда Каспий тенизинде мекендейди.Балыкпен коректенеди.Олар колга тез уйренеди.Аккулар туралы аныз ангимелер бар.
Гость
Аққу Аққу- өте ірі және күшті құстардың бірі, ол сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың, тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады. Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген. Аққулар аңыздар мен ертегілерде жырланады. Әдемі құс аққудың өлер алдында «айтатын әні» жайлы ертеден келе жатқан аңыз бар. Аққу, әрине, ондай ән айтпайды. Ол жалпы әнші құстардың қатарына жатпайды да: сыбырлауық аққу жайлап қана сыңқылдайды, ал сұңқылдақ аққудың үні зор әрі әсем болады. Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады, олардың қанатының сыңғыры мен әсем үнін аспанда жұп-жұбымен кербез ұшып өткен сол бір сәтінде тындаған тамаша-ақ. Сәуір айының көгілдір аспанында үлкен ақшаңқан құстардың сұлу мойнын соза тастап, қанатын бояу сермеп ұшып бара жатуы – естен кетпез ғажап сурет. Қалың орман ішіндегі көлде оңаша жүзген аққуды көру – одан да сұлу құбылыс. Аққу суда дыбыс шығармай, жеңіл сырғып жүзеді, ал астындағы су жарқырап, маржанның түсіне енеді. Аққудың әрбір қимылы – артына бұйра толқын тастап жүзіп бара жатып кілт бұрылуы, төсімен айдынды өбіп, қанатымен күміс тамшы себелеп шомылуы, ауаны қақ жара көкке көтерілуі – бұл бір қайталанбас әсем көрініс. Аққулар шалғайдағы адам аяғы жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Олар – ерекше сезгіш және сақ құс. Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді. Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағынды Австралиядан келген қарақумен тату-тәтті тұрады. Аққулар – табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған. р
Не нашли ответ?
Похожие вопросы