Анамның тілі-Ай,Күнім менің

Анамның тілі-Ай,Күнім менің
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: жаным, Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай Бал тілін, әнін. Анамның тілі - айбыным менің, Анамның тілі - ай-күнім менің! Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі - өмірді думан. Мектепке келдім, Ұстазды көрдім, Тыңдадым сөзін Табынып, сүйіп. Анамның тілі, Аяулы үні Жүрекке нұрын Жіберді құйып. Анамның тілі - айбыным менің, Анамның тілі - ай-күнім менің! Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы