Қария туралы әңгіме керек еді

Қария туралы әңгіме керек еді
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
“Кәнтөжни” қария (қазақы әңгіме)Шал шығарған шатақ…Сүт пісірім уақыт бұрын ғана бұл шаңырақ қуана қауышқан мәре-сәре үнге бөленіп жатқан. Хамзе қарттың қалада қызмет істейтін ұлы бала-шағасымен қонаққа келіп еді. Қырық сылтауы таусылмай, төрт-бес жыл төбе көрсетпей қойған. Сағынысып қалыпты. Арқа-жарқа әңгімемен шай ішілді. Сол жадыраған көңілмен далаға шыққан. Қарияда бас жағы баршылық. Ұл-қыздарының көбі өз төңірегінде түтін түтетіп отыр. Оқу оқып, ғылым соңына түскен осы ұлы ғана. Шал үшін «Хамзенің қызметкер ұлы мәшинесімен келіпті» дегеннің өзі бір мәртебе. Ауылдағы қарадомалақтарымен салыстырғанда қаладан келген немерелері қандай. Көп қаздан мойны озған аққудай көрінеді. Киімдері мұнтаздай, қимылдары ширақ. Бәрі жарасымды, бәрі сүйкімді-ақ еді. Осы керемет сәт қас-қаққанша нілдей бұзылды. Бұзған – қос немеренің қос ауыз орысша сөзі. Сағынып көрген немерелерінің шүлдірлегенін естігенде қарттың қаны басына тепті.Қой соймаққа қамданып жатыр еді. Қолындағы пышағын қора төбесіне ызалана лақтырды. Әлгінде ғана бауыздалғалы тұрған қара қой өрісті бетке алып, маңырай безді. Екі немересіне қарап: «Ай, атаңа нәлет-ай! Не оттап тұр мына иттер?!» деп зор дауысымен ақырып қалғанда, ауладағы бала- шағаның зәре-құты қалмады. Қияңқы шалының қаһарынан ыққан кемпір байғұс бүкшеңдеген қалпы үйге зып берді. Ашудан түтіккен шал зіркілдей сөйлеп қамшыға ұмтылғанда, не жазып қалғанын ұқпаған екі ұл әке-шешелеріне қарай құстай ұшты. «Әй, жетесіз ит-ай! Қалада оқып, қызмет қуғанда жетістіргенің осы ма? Ата жауыңның тілін шаңырағымда шәңкілдеткенің қай қорлығың? Осы қорлықты көрсетейін деп келдің бе, маған, а?» деп тұра ұмтылып, қызметкер ұлын қамшымен тартып-тартып жіберді. Қанына қарайғаны сонша, аузынан ақ ит кіріп, қара ит шықты. Айғай-шуға көрші-қолаң жиналды. Ара түскен ұл-қыздарына бой бермей, «Орыстың атаңа қылған айуандығын ұмыттың ба, әй, ит? Кәпірдің тілінде сөйлеген ұрпағымды көзімнің тірісінде сен көрсеттің-ау. Санасыз неме! Енді қайтып бұл табалдырықты аттап басушы болма!» дегенді кесіп айтып, ұлының жер-жебіріне жетіп, ақыры боқтап-боқтап үйінен қуып шықты. Шалдың ашуы басылды-ау деген шамада қайта айналып келген ұлы, әкесінің аяғына жығылып, жылап тұрып кешірім сұрап, зорға татуласты. Жиналған жұрт аң-таң.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы