Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып: - Мені жеме, жібер? – дейді.- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер? Сонда ақ тиін: - Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып: - Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы