Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Аю мен бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып,аузынан сілекейі шұбырып,оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмытылған аю бөренені итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете қалды.
Қара күшке сенген өжет аю ашуланып,бөренені одан бетер қатты итерді.Аюдың кұлағы шыңылдап,басы айналады.Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып,ағаштан ұшырып түсіреді.
Жоспар;
1.Қалың орман
2.Оңай олжаға тап болу
3 Кедергі болған олжа
4Қара күшіне сенген ақылсыз аю
5 Аюдың өлімі
Не нашли ответ?
Похожие вопросы