Бүгінгі және кешегі оз елім шығарма жазу

Бүгінгі және кешегі оз елім шығарма жазу
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
  Биыл Қазақстан елі үшін өте ерекше, айтулы жыл. Көптен күткен, талай ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 20 жыл толайын деп отыр. Тәуелсіздік деген қандай тәтті ұғым! Осы сөзді естіген шақта, бүкіл жан дүниең қандай рақатқа батады десеңші! Алайда, бостандық бұлттан шыққан күндей жарқ ете қалмағаны да ақиқат. Оның қандай жолмен келгенін қай қазақ білмейді?! Ол – талай күрес жемісі. Қазақ даласының талай перзенттері бұл күрес жолында жанын салған-ды.        Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны- азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық жолындағы күресіміздің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар.        Атақты айтыскер ақын Амангелді Жүсіпұлы:                                   Атыңнан айналайын қазақ  деген,                                   Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.                                   Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,                                   Көрсең де көресіні азаппенен.....- деп жыр төккендей, жанқиярлық пен табанды күресінің арқасында ата-бабаларымыз өзінің бірлік-берекесін сақтап қана қоймай,  ХҮғасырда қуатты Қазақ хандығын   құрды.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы