Бірлік, ынтымақ туралы мақалдар жаз

Бірлік, ынтымақ туралы мақалдар жаз
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді; Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.   Тозған қазды Топтанған қарға алады.   Ынтымақ түбі –игілік, Тірлік, тірлік түбі – бірлік.   Ағайын тату болса – ат көп, Абысын тату болса – ас көп.   Теңге – тиыннан, Ынтымақ – ұйымнан.Ынтымақ түбі — игілік.   Екі құзғын таласса, Бір қарғаға жем болар.   Көнектен шошынған бие оңбас, Көптен бөлінген үй оңбас.   Бір жеңнен қол шығар, Бір жағадан бас шығар.   Қырық кісі — бір жақ, Қыңыр кісі — бір жақ.   Көптеген жау алады, Көмектескен дау алады.   Күшенген жеңбейді, Күші көп жеңеді.   Ынтымақ — бұзылмайтын қорған, Қосылып еккен ағаш — орман.   Біреуің бас, біреуің аяқ бол, Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.   Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол.   Күш — бірлікте.   Саусақ бірікпей — Ине ілікпейді.   Ауыл болса — қауым бол.   Аз да бітер, көп те бітер, Татулыққа не жетер?   Біршілік болмай — тіршілік болмайды.   Ұйымдасқан ұтады.   Тоқтығында жараспаған, Аштығында қараспайды.   Қосылғанның — қолы ұзын, Қос керуеннің — жолы ұзын.   Байлық байлық емес, бірлік — байлық.   Қол жұмылмай — жылынбайды.   Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді.   Құрама жиып ел өткен, Құрақ жиып шөп еткен.   Ұйымдасқан ұтады.   Ынтымақтың арты игі.   Ынтымақсыз елді — Ұрысы билейді. Ынтымақты елді — Дұрысы билейді.   Жұрт келгендей жиын болсын, Жұмылған қолдай ұйым болсын.  
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы