Дайте правила на казахском языке на тему сын есім и синоним

Дайте правила на казахском языке на тему сын есім и синоним
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Мысалы: қызық (кітап), өнерлі (адам), жақсы (хабар), бойшаң (бала). Сын есім қандай? қай? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Қызық кітап оқыдым. Сын есім етістіктің алдынан тіркесіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Ол жақсы оқып, жақсы жүреді. Сын есім сөйлемнің баяндауышы да болады. Мен үлкенмін, сен кішісің. Тұлғасына қарай сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі сын есім: қызыл, кәрі, жұмыр, сары, күрең, нашар, сұр, үлкен. Туынды сын есім: ұялшақ, үлгілі, әсемпаз, өнерлі, күзгі, таулы. Туынды сын есім сын есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.   САПА СЫНЫ МЕН ҚАТЫСТЫҚ СЫН Шырай арқылы түрлене алатын сын есімнің түрін сапа сын дейміз. Мысалы: жақсырақ, көңілдірек, өте көңілді, жап-жасыл, сарылау, бозаң, үп-үлкен. Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнің түрін қатыстық сын дейміз: қалталты, көйлексіз, күзгі, байпақшаң, қалалық (комитет).   ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СЫН ЕСІМДЕР Сын есім заттың сындық сапасын бір сөз арқылы да, көп сөз арқылы да білдіреді. Мысалы: үлкен, нашар, жасыл, тар, әдемі, кіші, қара күрең, үлкенді-кішілі, сары ала, қара тонды. Күрделі сын есімдер бір лексикалық мағынада, бір сөйлемнің мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: Бөлмеге жуантықтау орта жасты, жирен шабдар әйел кірді (С. М.). Күрделі сын есімдердің жасалуы мынадай: 1)        Негізгі    сын есімдердің  тіркесуі   арқылы   жасалады. Мысалы: қара ала, ақ шабдар. 2)   Негізгі сын мен туынды    сынның тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: көк көйлекті, қара қалпақты. 3)        Сын   есімдердің қосарлануы    арқылы жасалады. Мысалы:    үлкенді-кішілі, ақтылы-қаралы,   үлкен-үлкен, жақсы-жақсы. 4)        Тұрақты тіркестер   арқылы жасалады.   Мысалы: тонның ішкі бауындай.   СЫН ЕСІМНІҢ ЗАТТАНУЫ (СУБСТАНТИВТЕНУІ) Сын есім өзінін сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие болып колданыла алады. М ы с а л ы:  күштімен алыспа, үлкенді сыйла. Мұндай сын есімдерді заттанған сын есімдер дейміз. Заттанған сын есімдер әдетте өзі қатысты заттың орнына жұмсалады. Мысалы: Үлкен адамды сыйла — ҮлкендІ сыйла.   СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ Заттың сындық сапасының басқа заттан артық-кемдігін білдіретін сын есім мағынасын шырай дейміз. Қазақ тілінде 2 түрлі шырай бар: 1) салыстырмалы шырай, 2). күшейтпелІ шырай.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы