Ответ(ы) на вопрос:
Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шянь тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы