Енбек ер атандырады на эту тему шыгарма

Енбек ер атандырады на эту тему шыгарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Еңбек  ер атандырады,- деген мәтелдің мағынасы тереңде жатыр.Еңбек десе ерінбейтін, таңнын атысы, күннің батысы егістікте, шабындықта, тракторда немесе машинада жүретін, ерте тұрып, кеш жататын нағыз еңбекқор жан-ол менің үлкен әкем. Әжемнің айтуы бойынша, ол жас кезінен еңбек сүйгіш болып өсіпті. Мектепте оқып жүрген кезінде де, сабақтан бос уақытында әкесімен бірге трактор жөндеуге көмектесіп жүреді екен. Содан болар үлкен әкем жас кезінен еңбек сүйгіш болып өскен. Мен ес білгелі ол кісінің қысы-жазы бір демалғанын көрген емеспін. Қашан көрсем, асығып жұмысқа кетіп бара жатады.      «Ағаға қарап, іні өсер» дегендей, ағасынан үлгі алған шығар, менің өз әкем де, еңбекқор, қолынан бәрі келеді. Трактормен шөп шабады, K700 тракторымен шөп тасиды. Қыста мал шаруашылығымен айналысып, көктемде қой төлдетеді. Сонымен қатар әкем суретті де керемет салады, ағаштан түрлі бұйымдар жасайды. Ағалы-інілі де «сегіз қырлы, бір сырлы». Үлкен әкем де трактор, машинаны керемет жүргізеді. Олар керек кезде комбайнмен бидай орып, машинамен астық тасиды, бұзылған техникаларды жөндейді.Үлкен әкем басшымын деп қарап тұрмайды, кез келген іске кірісіп кететін ерекше қарапайым жан. Ұжымындағы жұмыскерлердің жағдайына көп мән береді. Олардың жататын бөлмелерінің тазалығын, ішетін тамақтарының сапасын, молдығын  қадағалап отырады. Отбасы бар жұмескерлердің де жағдайын жасап, студент балаларының оқуын төлеуге көмектеседі. Мен де осындай отбасынан шыққаннан кейін еңбектің қадірін білгендеймін. Сабақтан бос уақытымда үлкен әкем мен өз әкемнің шаруашылығына аз да болса қолғабыс етемін. Қойларға шөп салып, жетім қозыларға сүт, жем беремін.      Үлкен әкемнің еңбегі жайлы әжемнің айтуынша, 2012 жылдың 31мамырында шыққан «Индустриальная Караганда» газетіне мақала шыққан. Биыл қазан айының 2-жұлдызында «Қазақстан-Қарағанды» арнасынан арнайы тілшілер келіп, қой шаруашылығын аралап, түсіріп, сұхбат алған болатын. Мұндай дәрежеге жету, еңбектеніп төгілген қара тердің ақталғаны деп түсінемін. Мал мен егін шаруашылығын қатар алып жүрген, сол істерінің жемісін көріп отырған осындай еңбекқор адамдардан үлгі алайық, ол кісілерді ардайық- деп барша жұртқа жар салғым келеді.         Біздің отбасымыз үлкен. Атам мен әжем төрт немересін тәрбиелеп, қызығын көріп отыр.Үлкен әкемнің де төрт баласы жақсы тәрбие алып, ата-әже, ата- ананың мақтанышы. Барлығымыз тату-тәтті өмір сүреміз. Осындай отбасынан шыққаныма қуанамын, мақтанамын. Әкелерім бастаған істі әрі қарай жалғастырамын деп сенемін. Сол кісілер тәрізді мен де еріңбей еңбек етсем, өзіме ғана емес, басқа адамдарға да, өкіметке де пайдасы тиеді. Тәрбие.орг сайтынан Еңбек етсең ерінбей Эссе материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы