Инеликтер созине сойлем курау

Инеликтер созине сойлем курау
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Инеліктер (Odonata) – жәндіктер класының бір отряды.Олар жыртқыш жәндіктер . Қазба қалдықтары тас көмір кезеңінен сақталған. Жер шарында кең тараған. Негізінен тропиктік және субтропиктік белдеулерде кездеседі. Қанаттарының құрылысына қарай Инеліктер: теңқанаттылары (Zygoptera), әр түрлі қанаттылар (Anisoptera) және Anisozygoptera (тек Жапония және Үндістанда ғана кездеседі) отряд тармақтарына бөлінеді. Инеліктердің 4500-ден астам түрі белгілі. Қазақстанда 7 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген. Ұзындығы 14 – 120 мм. Құрсақ бөлімі жіңішке әрі ұзын. Аузы кеміруге бейімделген. Өте үлкен фасетті көздері басының жоғарғы бөлігін алып жатады. Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Қанаттары торланып жүйкеленген.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы