Изложение мен түркі найдите и скиньте ссылку пожалуйста!!!Кто ответит первым сделаю лучшим ответом. Даю 55 баллов!!!

Изложение мен түркі найдите и скиньте ссылку пожалуйста!!!Кто ответит первым сделаю лучшим ответом. Даю 55 баллов!!!
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жұлдызшы– ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном. Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда Жұлдызшы аспан құбылыстарын бақылап, күнтізбе есебін жүргізіп отырған. Орта ғасырларда араб елдері мен Орталық Азияның Жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылықтарын ашқан. Ежелгі түркі тайпаларында да Жұлдызшылар болған. Қазақ тіліндегі көптеген жұлдыз атаулары (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы, т.б.) бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін, т.б. көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген Жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге “жұлдызтас” – метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан Жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын көреміз. Жұлдызшылардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған. 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы