Изложение қүмырсқа мен қара қоңыз

Изложение қүмырсқа мен қара қоңыз
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді. Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады – Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді. – Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады. Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты. – Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады. Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп: – Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды. Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді: – Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы