Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды.Қасқыр қарғып тұрып, оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:
— Мені жеме, жібер? – дейді.
— Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін:
— Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады.
Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
— Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз,–депті.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы