Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақстан-Отаным, орманымҚазақстан-қайратты қорғанымСен үшін тер төгіп аянбайҚұрбаның болуға даярмын.Ия, бұл Қазақстанда тұрып жатқан әр баланың, әр адамның ойы. Еліміз күні кеше ғана егемендігін құрып, аяғын тәй тәй басты. Қадамын нық басу үшін Ата заңымыз қабылданды. Төл теңгеміз қолданысқа шығып ел қуанышқа бөленді. Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұстанған кемеңгер саясатының арқасында бүгінгі күні Қазақстанды бүкіл әлем мойындады. Біздің елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл азамат. Елбасы еңбектеген баланың, еңкейген кәрінің хал ахуалын түзетуге жағдай жасады. Жабылған балабақшалардың қайта ашылуына жол ашты. Жыл сайын зейнеткерлердің зейнетақы мөлшерін өсіруге күш салды.Алғаш тәуелсіздігімізді алған кезде халық едәуір қиыншылықты, дағдарысты бастан кешірді. Дегенмен, экономикалық жағдай жылдан жылға ақырындап жақсара бастады. Елбасы Н. Назарбаев қиын қыстау сол күндерге төтеп беріп ел астанасын 1997 жылы Ақмола қаласына көшірді. Ал 1998 жылы мамыр айында Ақмола қаласы Астана қаласы болып өзгертілді. Бүкіл әлемнің Қазақстанға назар аударуы осы тұста басталған шығар...Осыдан соң мемлекет басты табысқа қол жеткізді, яғни экономикалық жағдай түбірімен жақсарды. Елімізде шағын және орта бизнес нысандары қалыптасып, жеке меншік ұйымдар енгізілді. Акционерлік ұйымдар, фермерлік шауашылықтар пайда бола бастады. Осылайша, адамдар өз бетерімен еркін табыс тауып тұрмыстарын түзелте бастады. Бойы күш жігерге толы данышпан көшбасшымыз Н. Назарбаев 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиялық даму бағдарламасында елдің дамуының алдағы бағдарын көрсетіп берді. Бұдан соң денсаулық сақтау, білім беру ісін жақсарту мәселелері қолға алынды. Көрші елдермен әр түрлі мақсатта бітімге қол қойылды.2010 жыл еліміз үшін ерекше жыл болды. Осы жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, ұйымның саммитін өткізді. Бұған дейін Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезі өтті.Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында мемлекетіміздің даму барысын, ішкі және сыртқы саясатының басты бағыттарын айқындап беріп отырады.Жуықта ғана елбасымыз «Мәңгілік ел-2050» бағдарламасын ұсынып, 2050 жылға дейінгі еліміздің жаңа бағытын айқындап берді.Слауатты өмір салтын ұстануда еліміздің спорт саңлақтары әлемдік додада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.Тәуелсіздік тұғыры биіктей берсін!
Не нашли ответ?
Похожие вопросы