Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ата-бабадан қалған көнекөз асыл мұра – қазақтың ұлттық қолөнеріне деген ықылас сонау ғасырлардан бері өз өзектілігін еш жойған емес. Ұлы Жібек жолын бойлай өтіп, айшылық алыс елдерді көшпенділер мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныстырып, қазақ даласын әлем жұртына паш етуге үлес қосқан да осы ұлтымыздың қолөнер туындылары десек артық айтпаспыз. Алайда өмір салты өзгере келе, біз төл туындымыздың небір асылынан, небір жаһұтынан айырылып қала жаздағанымыз тағы бар. Әбүйір болғанда ел ішінен білек сыбана шыққан білікті мамандар, майталман шеберлер ұлттық дәстүріміздің, ұлттық бірегейлігіміздің осынау белгісін жоғалтпай, жоқтатпай, қолдан келгендерін ортаға салуда.
Бүгінде қазақтың дәстүрлі өнеріне ден қойып, қолөнер туындыларын қайта жаңғыртуды өздеріне міндет еткен Қазақстан қолөнершілері одағының мүшелері осынау бірегей өнердің қыр-сырын өздері ғана жетік меңгеріп қоймай, келер ұрпаққа да үйретіп, аманат етіп қалдыруды парыз санайды.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы