Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашаншәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар,мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қолжеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» - дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы