Менің Қазақстан туралы шығарма

Менің Қазақстан туралы шығарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Менің Қазақстаным Менің Қазақстаным - бұл менің Отаным! Қазақстан - армандар орындалатын, тілектер қабыл болатын ұлан байтақ атамакен десем артық айтқаным емес шығар.  Мен өз Елімді мақтан тұтамын. Қай жағынан қарасаңызда Қазақстанның 25 жыл бойында қол жеткізген жетістіктері аз емес. Әрине әлі де жеңетін шыңдар көп. Алайда ол енді біздің қолымызда. Біздің талмас еңбегіміз бен Отанға деген махаббатымыздың арқасында көп белестерде жеңіске жетіп, биік асулардан көрінетімізге сенімдімін.  Қазақстан - Еуропа мен Азияның қақ ортасында орналасқан, аспаны ашық, достығы мығым көпұлтты мемлекет.  (Интернеттен алынды)  Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді. Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде. Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.                         Сондықтан да егер қандай да бір биік белестерге қол жеткізгіңіз келсе, ең алдымен Отанға деген махаббат  пен халқымызға деген сүйіспеншілік пен жанашырлықтан бастама алыңыз. Сонда ісіңіз оңға басып, ата әжелеріміз, әке аналарымыздың, аға әпкелеріміз бен іні қарындастарымыздың ақ тілектерін аласыз. Халықтың батасы еш шыңнан құлатпай, сол жерде сізді мәңгі ұстары анық. 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы