Мұнай мен газ өндіретін облыстар

Мұнай мен газ өндіретін облыстар
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бүгінгі күні дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие Қазақстан, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Мұнайгазды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай кен орындарын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы– Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмірсутектері қорларының шамамен алғанда 70%-ы Қазақстанның батысында топтасқан.Аумағында 930 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы қорлары бар 75-тен астам кен орындары ашылған Атырау облысы неғұрлым барланған мұнай қорларына ие. Облыстың ең ірі кен орны – Теңіз (бастапқы алынатын қорлары – 781,1 млн. тонна). 150 млн. тоннаға жуығы қалған кен орындарының үлесіне тиеді. Бұл қорлардың жартысынан астамы екі кен орнына – Корлевское (55,1 млн. тонна) мен Кенбайда (30,9 млн. тонна) шоғырланған.Маңғыстау облысының аумағында өндірілетін 725 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы мұнай қоры, 5,6 млн. тонна конденсаты бар 70-тен астам кен орындары ашылды. Бұл кен орындарының жартысына жуығы пайдаланылуда. Олардың көпшілігі игерудің соңғы сатыларында. Қалдық қорлардың басым бөлігі алынуы қиын кен орындарына жатады. Ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан облысында сұйық көмірсутегі шикізатының алынатын қорлары 320 млн. тоннаға жететін және газдың алынатын қорлары 450 млрд. текше метрден астам Қарашығанақ кен орны болып табылады. 2005 жылдың қыркүйегінде Қарашығанақпен жалғас жатқан Федоровский блогында көмірсутегі шикізатының табылғаны туралы жарияланды. Мұндағы мұнай және газ конденсаты қорлары 200 млн. тонна болады деген болжам жасалып отыр.Мұнайгазға қанықтығы жағынан алғанда тағы бір болашағы зор аймақ Ақтөбе облысы болып табылады. Мұнда 25-ке жуық кен орындары ашылды. Бұл аймақтағы неғұрлым маңызды геологиялық ашылым алынатын мұнай және конденсат қорлары 170 млн. тоннаға жуық болатын Жаңажол кен орындары тобы болып табылады. 2005 жылы Каспий жағалауы ойпатының шығыс бөлігінің орталық блогында Үміт жаңа кен орны ашылғандығы туралы жарияланды.Қызылорда мен Қарағанды облыстарының мұнай өндіруші салаларының негізін Қазақстандағы бесінші мұнайгазды өңір – Құмкөл кен орындары тобы құрайды. 2005 жылдың жазында осы аймақта жұмыс істейтін «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылқия кен орнының солтүстік шекарасына жалғас жатқан Көлжан лицензиялық аумағында мұнайдың коммерциялық қорлары аңғарылғаны туралы жариялады.Негізгі көрсеткіштерТұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша құрылықтағы және шельфтегі көмірсутектерінің расталған қорлары 4,8 млрд. тонна немесе 35 млрд. баррель шегінде бағалануда, 2001 жылғы жағдай бойынша мұнайдың барланған баланстық қорлары тек 2,9 млрд. тоннаны құраған болатын. Оның үстіне, кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша мұнайдың болжамды қорлары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан кен орындары бойынша ғана 17 млрд. тоннадан немесе 124,3 млрд. баррелден астамды құрауы мүмкін. Мұнай мен газ қорларын, сондай-ақ үнемі артып отырған оларды өндіру ауқымдарын ескерсек, таяудағы келешекте Қазақстан дүниежүзілік мұнай өндіру ошағы болып қала бермек.Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша 2011 жылдың қорытындылары бойынша мұнай өндіру 80,1 млн. тоннаны құраған. Салыстыру үшін айтсақ, 1998 жылы мұнай өндіру 25,93 млн. тонна деңгейінде белгіленді. Табиғи газ өндіру ауқымы (2011 жылы 39,5 млрд. текше метр) бойынша Қазақстан ТМД-дағы көшбасшылардың бірі болып табылады.Республиканың мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарында өткен жылы 2146,9 мың тонна сұйытылған көмірсутегі газы өндірілді. Газды ішкі тұтыну көлемі 10,179 млрд. текше метрді құрады. Мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу 13,7 млн. тоннаны, оның ішінде: бензин – 2,76 млн. тоннаны, ДО – 4,06 млн. тоннаны, мазут – 3,66 млн. тоннаны, авиакеросин – 387,1 мың тоннаны құрады. Бұл ретте, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ның деректері бойынша 2011 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеу көлемі 4,47 млн. тоннаны, ПКОП зауытында (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) – 2,3 млн. тоннаны, Павлодар мұнай өңдеу зауытында – 4,6 млн. тоннаны құрады.Қазақстан өндірілетін мұнайдың негізгі бөлігін мұнай құбырлары арқылы экспортқа шығарады. 2011 жылы мұнай экспортының көлемі 69,61 млн. тоннаны құрады, оның ішінде мұнай құбырлары бойынша: «Атырау-Самара» – 15,43 млн. тонна, КҚК – 28,44 млн. тонна, «Атасу-Алашанькоу» – 10,89 млн. тонна мұнай экспортқа шығарылды. Ақшадай есептегенде мұнай экспорты еліміздің жалпы экспортының 62,5%-ын құрайтын 55,2 млрд. АҚШ долларына бара-бар соманы құрады.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы