Помогите перевести БЕЗ переводчика!!!Срочно!!!! Қазақстан - табиғаты көркем, жанға
Помогите перевести БЕЗ переводчика!!!Срочно!!!!
Қазақстан - табиғаты көркем, жанғажайлы әсем жерлерге өте бай өлке. Жер жәннаты Жетісу, асқар шыңды Алтай, емдік қасиеті мол Алакөл, көрген көзді таң қалдырар Балқаш, суы балдай, шөбі шүйгін Баянауыл, ауасы шәрбат Қарқаралы.
Жер шарының ең көрікті жерлері саналатын Ақмола облысының аумағында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы орналасқан. Бурабай Қазақстандағы ең танымал демалыс орындарының бірі. Бұл жер бетінде сирек кездесетін өзіндік орны бар географиялық пункт ретінде кеңінен танымал. Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан.
Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде 100-150 мың адамға дейін келіп кетеді.
Сондай-ақ, Қазақстан шипажайлық қорларға бай өлке. Мұнда 1930-1960 жылдар арасында шипалы су мен емдік балшығы мол көптеген жерлер табылып, зерттеліп, қазір адам игілігіне жаратылуда. 1986 жылдан бастап, Қазақстанда мемлекеттік мәні бар Бурабай, Алма-арасан, Сарыағаш, Меркі, Манкент, Жаңақорған және жергілікті шипажайлар Қапаларасан, Барлықарасан, Ақжайық, Алатау, Оқжетпестер өз қызметтерін бұлжытпай атқаруда.
Қайталанбас құйқалы қыраттар, ойлы-қырлы бедерлер, суы сылдыраған жыралар, бағзыдағы бабалардан жалғасқан мұралар… Бауларындағы өзгеше өскен ағаштар. Тынысыңызды ашатын саябақтар мен саяжолдар, аңқыма жұпар шашатын гүлзарлар... Жоғарыдағы кез келген шипажайдан осындай тамаша көріністерге куә бола аласыз!
отдаю все баллы.
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Казакстан-природа красивая,
Не нашли ответ?
Похожие вопросы