Помогите пожалуйста написать информацию по казахскому на тему Қазақстан – көп ұлтты мемлекет

Помогите пожалуйста написать информацию по казахскому на тему Қазақстан – көп ұлтты мемлекет
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет Қазақстан - көп  ұлтты мемлекет. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың отанына айналған біздің кең байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. "Бірлік бар жерде - тірлік бар" , -  дейді біздің халық. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Қазақ қашаннан да бауырмал, қонақжай халық. Статистика 1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт  құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында —украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістер болғандығын көрсетті. Қазақстанда тұратын ұлт-өкілдері Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған.  Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Кәрістер Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады.  Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар  Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Қорытынды Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілейміз.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы