Помогите пж что такое буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

Помогите пж что такое буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.Көмектес септік жалғаулары:-мен, -бен, -пен (доп-пен, дос-пен т.б.)-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)-жаң, -тай, -тал, -дар, -еке, -тар (аға-жан, шеше-тай, білім-дар, ата-еке, сезім-тал т.б.)-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі-хана, Пәкі-стан, Шым-кент, пайда-күнем т.б.)-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам-гер, пәле-қор, өнер-паз, кәсіп-қой, кіре-кеш, сөз-уар т.б.)-ов, -ев, -ин (Cейсенбеков-тің, Aлмабаев-тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.Қазақ тілінде басқа тілден енген сөз алдынан қосылатын бей- , би- қосымшалары да үндестік заңына бағынбайды (бей-берекет, бей-шара, бей-тарап т.б.)
Гость
  Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі.  Олар: -мен, бен, пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен; -қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой; -тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай; -хана – емхана, дәріхана; -нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі; -кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш; -кес, -күнем – даукес, пайдакүнем; -ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а); -бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы