Қыс. Күн суық. Қаңтарда ұзарған күннің әлсіз нұры ауланы шуаққа бөлей алмай тұр. Д
Қыс. Күн суық. Қаңтарда ұзарған күннің әлсіз нұры ауланы шуаққа бөлей алмай тұр.
Дәулет терезе алдында жағын таянған күйі сыртқа қарап, жалғыз өзі отырған еді. Үлкен
терезенің алдына бір топ торғай келіп, қонып, ұшып қайта кетті, қайта келді.
Қарындары қатты ашқан болуы керек. Дір-дір етеді. Тоңған сияқты. Терезені ашқысы
келді. Қаттылау жабылған екен. Апасы бағана шығып бара жатып: «Терезені ашып
қойма, үй суып кетеді», – деген. Дәулеттің торғайларға шын жаны ашыды. Көзіне жас
келді. Енді қайтті? Не істеу керек? Ол терезені сәл ашып, үйдегі бидайдан кішкентай
алақанымен бір уыс дәнді терезе жақтауына септі. Торғайлар тез-тез шоқып жеп, қайта
ұша жөнелді. Кенет торғайлар топ-топ болып, терезе жақтауына жапырлай қонып,
толып кетті. Осы кезде әжесінің сөзі есіне түсті. «Торғайдың адамға пайдасы көп»,-
дейтін әжесі. Олар ағашқа, алмаға, жүзімге түскен зиянды құрт-құмырсқаны теріп жеп,
ағаштарды тазалайды.
26-сұрақ. Мәтінге ат қойыңыз.
А. Қамқорлық
B. Көмекші
С. Бидай
D. Мақтаныш [1]
27-сұрақ. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз?
А. Торғайларды қалай үйге кіргізді?
B. Торғайлар қалай рахмет айтты?
С. Торғайлардың қандай пайдасы бар?
D. Торғайларды қалай емдеді? [2]
28-сұрақ. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А. Құстардың пайдасы
B. Әженің ақылы
С. Ананың тәрбиесі
D. Құстарға қамқорлық
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Жауаптар
26 :А
27: С
28 :D
Не нашли ответ?
Похожие вопросы