Сан есімне өлең керек ! КАТТЫ КАЖЕТ БОП ТУР

Сан есімне өлең керек ! КАТТЫ КАЖЕТ БОП ТУР
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен. Түтін түтет, Өс, өрбі, көгере бер, Немерелер көбейсін, шөберелер. Жадыңда ұста : Жақсылық күтпегейсің! От емес, оқ сұрасаң менен егер! Үш бірдей бақытым бар алақанда, (Мені мұндай бақытты жаратар ма?! ) Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!! 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы