Саятшылық өмірдің бір қызығы. Шығарма срочно нужно
Саятшылық өмірдің бір қызығы. Шығарма срочно нужно
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Саят (саятшылық), жыртқыш құстарды аңға салу, қазақ халқындағы өте ерте замандардан келе жатқан спорттық өнер.Археологиялық қазба жұмыстары Ежелгі Тұранды мекендеген тайпалар құс салуды тіпті қола дәуірі кезінде-ақ меңгергендігін көрсетеді. Тарих пен мәдениет тұрғысынан қарағанда саятшылықтың дамуы өте қызғылықты. Қазақ саятшылары бүркіт, бидайық, сұңқар, қаршыға, бөктергі, ителгі, сапсаң тағы с.с. көптеген алушы құстарды баптап өздері алатын құстарға түсуді үйреткен. Мұндай өнер қырғыз, араб ішінара түркімендердің арасында да дамыған. өнер. Крестшілер жорығынан кейін араб мәдениетімен танысқан еуропалықтар сұңқар салуды үйренген.Саятшылықтың бұл түрі әсіресе XII-XIII ғасырда Еуропа елдерінде кең тараған. Қазақ халқы саятшылықты тұрмыстық пайдасы бар өнер ретінде де, көңіл көтеретін табиғатпен етене араласатын спорт ретінде де қараған.[1]
Қазақ халқындағы дәстүр[өңдеу]Қыран құстармен аңға шығады. Саятшылықта өнердің бір түрі. Құс салып аңға шығатын адам «құсбегі» -, деп аталады. Құсбегі де табиғаттан берілген сый. Ол қыран құсты тәрбиелеп, олардың табиғатын түсінеді, қай уақытта аңға шығу керек екендігін біледі. Мұндай адамдар қазір де бар, бірақ аз. Қолға үйрету үшін мына қыран құстар ыңғайлы: бүркіт, сұңқар, қаршыға]=. Негізінде аңшы адамдар – құсбегілер бүркітті қолға үйретіп, аңға салған. Түріне, аңға түсу қабылетіне қарап мына түрлерге бөліп, атаған: тастүлек, мұзбұлақ, көк түбіт, май түбіт, барқын, баршын, т.б. Аңшы құстарды өте жоғары бағалаған. Мұндай құстардың өз жабдықтары болады: құндақ, томағақалпақ, тұғыр, балақ бау, желі бау –байлауыш. Қыран құстарды қолға ұстап, тәрбиелеу үшін өзі бір үлкен ғылыми әдістерді меңгеру керек. Әбден дайын болған бүркітті қыс түскен соң қасқырға, түлкіге, қарсаққа, сайғаққа салған. Жазда, күзде –қазға, үйрекке, қырғауылға, т.б. құстарға салған. Аңшылардың көптен күткен аңға салу күні «сонар» - деп аталған. Сонар – желсіз, ашық күндері. Бұл күндері аңның ізі қарда анық көрінеді. Сонар үшке бөлінеді: 1 – ұзақ сонар, 2- келте сонар, 3 – қан сонар. Қан сонарда аңшының жолы болып олжалы қайтқан. Аңшының аңнан табыспен қайтуы ауылы үшін мереке болған. Олар өздерінің аңшыларын мақтанышпен қарсы алып, оларды мақтан тұтқан. Саятшылық тек қызық үшін уақыт өткізу үшін емес. Ол үлкен өнер.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы