Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Шегенделген шекара – ұлттық қауіпсіздік кепілі
Елбасының бастамасымен қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы үлкен саяси міндет қойылған болатын. Онда бұл міндеттің орындалуы мемлекеттік егемендікті сақтаудың, аумақтық тұтастықты және шекараның мызғымастығын қамтамасыз етудің кепілі ретінде атап көрсетілген. Міне, сондықтан да егемен 20 жыл ішінде еліміз қол жеткізген ұланғайыр табыстарының бірі ел аумағының тұтастығын бекіткен әрі оны мызғымастай етіп шегендеген шекарасы болып табылады. Бүгінгі таңда бұл – бүкіл әлемге танылған, танылып қана қоймай, қалтқысыз мойындалған фактор. Сонымен қатар, бұл – ұлтымыздың тарихында бұрын-соңды болмаған, мемлекеттілігімізді айшықтайтын баға жетпес құндылық.
Егемендік алған сонау 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағы кезінде белгіленген шекараларымыз түгелдей ашық-шашық жатқан болатын. Сондықтан да тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында Президент Назарбаев белгілеген сыртқы саясаттағы басымдықтардың ішінде, әсіресе, шекараларды межелеу, оларды халықаралық тұрғыдан заңдастырып алу ең кезек күттірмейтін мәселе болатын. Өзінің 1996 жылы халыққа арнаған Жолдауында тәуелсіздіктің алғашқы бес жылын қорытындылай келе, Елбасының: «Халықаралық ауқымда танылмайынша, әлемдік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымайтынына кепілдік алмайынша, мемлекеттіліктің қалыптасуы, егемендік, экономикалық реформалар, әлеуметтік саланы дамыту туралы әңгіме қозғау құрғақ сөз болып қала береді», деуі соның дәлелі.
Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, біздің ел бұрынғы Кеңес Одағы тарап кеткен сәтте шекараларды ресімдеу үшін Қытай Халық Республикасымен, Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркіменстанмен және Өзбекстан Республикасымен келіссөздерге белсене кірісіп кетті.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы