Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Қосаяқ – тышқан тектес жануардың ең үлкені. Ол кеміргіштер отрядының қосаяқтар тұқымына жатады. Оның бойы шамамен – 20 сантиметр. Ал құйрығының ұзындығы 25-30 сантиметрге шейін барады. Қосаяқтың аяқтары ұзын, жіңішке болғандықтан, ол 4 метрге дейін секіре алады. Сырт келбеті кенгуруді еске түсіреді.
Қосаяқ ауа-райы ыстық аймақта мекендейді. Олар Еуропа, Орталық Азия, Моңғолия, Қытай, Солтүстік Америка секілді елдерде көптеп кездеседі. Қазақстанда Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық , оңтүстік Балқаш құмында өмір сүреді.
лар күндіз інінде паналап, түнде азық іздеумен болады. Алайда, Қазақстанда мекендейтін қосаяқтар күндізгі қосаяқ түріне жатады. Ергежейлі қосаяқтар таң ата далаға шығып, күн батпай жатып індеріне оралады. Олардың індері әркелкі болып келеді. Мысалы, 20-30 сантиметр тереңдікте қазылған уақытша ін күн ыстығынан қорғайды. Сонымен қатар тұрақты індері де болады. Онда қосаяқтар індерінен шығатын бірнеше қосалқы жолды қарастырады.
Қосаяқ жеміс-жидек, дәнді дақыл, қоңыз, шегіртке секілді азықтармен қоректенеді. Қыста інінде паналап, қысқы ұйқыда болады. Көктем мезгілінде ұйқыдан оянып, ұрпақ жалғастырады. Мамыр, шілде айларында 2 рет көбейеді. Қосяақтар адамды жақсы көргендіктен адамға жақын жерде паналайды. Оларды қолға үйрету қиын емес. Және де кей мемлекеттерде қосаяқ үй жануары болып есептеледі.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы