Срочно.Сочинение на тему: ,,Тіл біру ине'' с переводом пожалуйста.

Срочно.Сочинение на тему: ,,Тіл біру ине'' с переводом пожалуйста.
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Мемлекеттік тілді білу – әр азаматтың міндеті! Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеп, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын күннен-күнге кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға мәлім. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді, - деп айтылған болатын. Сонымен қатар, Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі – қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған. Елбасымыз да «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» деп қадап көрсетті.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы