Төрт борыштың 50ср периметірін тап

Төрт борыштың 50ср периметірін тап
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
№1 Алға мектеп-бақшаның  математика пәні мұғалімі Балманова Гүлжанат Уралбаевна Ата-ананы қадірлей білейік Тақырыбы: Ата-ананы қадірлей білейік. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылар бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу. Тәрбие сағатының көрнекілігі: ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер,слайд. Тәрбие сағатының барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру. ІІІ.Бейнекөрініс көрсету ІҮ. Ата-анаға ақ тілек Ү. Қорытынды Мұғалім: Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар! «Ата-ананы қадірлей білейік» атты 6 "б" сыныбының ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер! Құндыз: Анаға арнап ақ тілектер айтар күн, Әкеге арнап, марапатты бастар күн. Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн. Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың. Жарас: О, Ата-анам! Таянышым, тірегім! Бар бақытты бір басыңа тіледім Бізді жақсы болсын екен деп қашанда Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің. Құндыз:Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және дені сау, тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші! Ана туралы ән. Орындайтын Сагинова Диана Ғалымжан:Әке деген баласының азық-түлігін тауып тәрбиелеу үшін, оймен де, денемен де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкенің де баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ. Ән:Әке туралы жыр.Орындайтын Жаксылыкова Азиза Алина: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу. Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар! Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу. Сұлтан:Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды Үлгілі ұрпақ атадан бата алады. Бар жақсылық балаға бұл ғаламда, Мейірімінен ананың жасалады. Жырақ жүрген анасын сағынған, Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан. Екеуінің қуанышы тілегі, Әрқашанда бір арнадан табылған. Құндыз: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек. Айсұлу: Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі. Жарас: Ата-ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек. Жанболат: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма. Мирас: Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақысыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин). Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді. Қызғалдақ: Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық. Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп,талай түн қаттың. Өміріме нәр береді ақ сүтің, Кең құшағың-аясындай гүл бақтың. Мен өзіңмен қайда болсам біргемін, Махаббатың жүрегімде жүр менің. Күн нұрындай жадырай бір күлгенің Қандай жақсы ортамызда жүргенің Қуанып көз алдыңда жүргеніме. О,ана ,жетсе екен бар өмірің , Қартайған шағымды да бір көруге Ән: "Аналар алтын" орындайтын Жұмабек Інжу Кино фильмінен үзінді көрсету «Ата-ананың ақысы» 1.Ата –ананың ақысы немен өлшенеді? 2. «Ата-анаңа не қылсаң алдыңа сол келер» дегенді қалай түсінесің?(оқушылар пікірін тыңдау) Би: "Қаражорға" Кино фильмен үзінді «Қарттар үйі» 1.Ата-аналардың қарттар үйіне қоныс аударуына не себеп болады? Оқушылар пікірін тыңдау Ән: Ата -ана туралы Құндыз:Анасыздар,кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде,қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар. "Отбасы -шағын мемлекет" деген сөз бар.Ынтымағы келіскен,түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.Әйел -ана отбасы жылуын сақтаушы,ал әке отбасының тірегі. Жарас:Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. Мирас:Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп, Туған елің сүйсіне мақтасын деп. Пәк сезіммен тілеймін адамдардың, Анасының ақ сүтін ақтасын деп. Құндыз: Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті ата-ана, атыңа кір келтірмеуге ант етемін! Әкем –анам жасыл бағым жайнаған, Сол бағыңда асыр салып ойнағам Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің Бар тілегі тек сіздерге арналған Оқушылардың ата-аналарға арнаған ақ тілектері Қорытынды: Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.Білмеген- дерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік.Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық.Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап,құрметтеп,сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы