Түрлі сөйлем мүшелер қызметін атқаратын сын есімдерге мысал

Түрлі сөйлем мүшелер қызметін атқаратын сын есімдерге мысал
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Анықтауыш – сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? (основная функция   в предложении – определение .                               Вопросы: какой? кого? чего?) Мысалы: Сұр бұлт түсі суық  қаптайды аспан.  Жақсының  жақсылығын айт. Баяндауыш – сын есім жіктік тұлғада тұрып немесе жалғаусыз сөйлем соңында келеді.  (имя прилагательное с личным окончанием или без него находится в конце п редложения и является сказуемым ) Мысалы: Сен бір артық көркемсің. Әлсіз адам сүріншек. Қар аппақ.   Орамал түсі – қызыл. Бүгін ауа райы суық.   Оның жақсы   көретін түсі – жасыл. Толықтауыш – заттанып келіп, толықтауыш болады. Табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктер сұрақтарына жауап береді. (субстантивируясь, отвечая на вопросы данных падежей, выполняет  функцию  дополнения) Мысалы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын  кез. Ол алманың сарылауын таңдады. Ол судың ыстық-суығына қарамады. Пысықтауыш – сын есім етістіктің алдынан келіп, іс-әрекеттің сынын білдіреді.Сұрағы : қалай? ( находясь перед глаголом, определяя способ действия и   отвечая на вопрос - как? , выполняет функцию обстоятельства ) Мысалы: Айман бөлмесін таза ұстайды. Ол домбырада шебер ойнайды.   Бастауыш – заттанған сын есім атау септігінде тұрады. (субстантивированное имя   прилагательное находится в форме именительного падежа и является подлежащим ) Мысалы: Ұялшақ сыбағасынан құр қалады. Сыпайы сырын сақтар.

Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы