Велосипедтін көлемі, түрі, пайдасы

Велосипедтін көлемі, түрі, пайдасы
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Ерте ме, кеш пе әрбір велошабандоз өзіне жаңа велосипед сатып алуды ойлайды. Кейбіреуінің велосипеді сынып қалады, біреу өз велосипедінен шаршайды, ал кейбірінің тіпті ешқашан велосипеді болмаған. Қай жағдай болмасын әрқайсында басты мәселе туындайды: дүкенде ұсынылған алуан түрлі велосипедтердің ішінде қайсын таңдау керек. Бірінші кезекте, сізге велосипед не үшін қажет және оны қанша уақыт тебетініңізді анықтап алу маңызды. Бәлкім, сіз тас жол жарысына қатысқыңыз келетін шығар, болмаса велосипед жорығына шықпақсыз, трюктер жасамақсыз, таудан үлкен жылдамдықта секірмексіз немесе аптасына бір рет дүкенге барып келу үшін ғана керек шығар? Әрине сізге әрқайсына сәйкес велосипед түрін таңдау керек болады. Сонымен, дүкенде қандай велосипед түрлерін кездестіре алатынымызды талқылайық. Велосипед түрлері 1. Жол велосипеді Бұл мақаланы оқып отырған әрбір адам, бір рет болсын мұндай велосипедті теуіп көргенін сенімді айта алатын шығар, ал көбінің велосипедке деген құмарлығы дәл осы бірінші «ересек» велосипедтен басталған. Велосипедтің бұл түрін аса сипаттау қажет емес – бәрі онсыз да түсінікті. Айта кетерлігі, жол велосипеді икемсіз, біршама ауыр және ыңғайсыз, демек ұзақ жолда адамды шаршатып жіберуі мүмкін. Алайда оның да өзіндік артықшылықтары бар: құрылысының қарапайымдылығы, жоғары сенімділік және арзан баға. Егер сіз қала сыртындағы саяжайда аптасына екі рет дүкенге барып-келіп тұруды көздесеңіз осы велосипедті алуыңызға болады – бұдан артыққа ол шыдас бермейді. 2. Серуенге арналған (қалалық) велосипед Серуенге арналған велосипедтер сапалық ескірген жол велосипедінің логикалық жалғасы болып табылады: олар біршама ыңғайлы, жайлы, функционалды, бірақ сәйкесінше бағасы да қымбатырақ. Көбінесе мұндай велосипедтердің алдыңғы немесе ерттелген амортизаторы, ашық (яғни үстіңгі түтігі жоқ) жеңіл рамасы (кейде жиналатын), кең жұмсақ ер-тоқымы, қанаттары, жүксалғышы (көбінесе азық-түлік корзинасы), шынжыр қорғанышы және кейде велофары мен веложыпылықтатқышы болады. Әдетте мұндай велосипедтер үлкен жылдамдықты (7-ден 21 жылдамдыққа дейін) кассеталық немесе төмен деңгейлі ауыспалы берілісті планетарлық механизмді болады. Серуендік велосипедтердің дөңгелегі алуан өлшемді болып келеді, сол себепті барынша қолайлы және ыңғайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай велосипедте тік отыратындықтан, қол мен арқаға түсетін жүктеме біраз жеңілдеп, серуенмен рахаттануға болады. Тағы бір артықшылығы, көптеген механизмдері күтіп-баптауды қажет етпейді, бұл да уақыт үнемдейтінін ескеру керек. Дегенмен мұндай велосипедтер үлкен жүктемеге есептелмеген, сондықтан серуендік велосипедтер биіктіктен секіруге немесе күрделі веложорықтарға төзеді деу бекер. Мұндай велосипед саябақта жайбарақат серуендеуге, баяу қарқынды кішігірім велосаяхаттарға және дүкен немесе жұмысқа барып-келуге жақсы. Бұдан өзге, серуендік велосипед егде жастағы белсенді адамдарға жарайды.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы